М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
dima03102003
dima03102003
09.01.2022 07:25 •  Қазақ тiлi

Предложение со словом
тамашалау
предложение со словом естелік​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
римма59
римма59
09.01.2022

ответ:Егер мен саяхатшы болсам өзіме әлем мемлекеттерінің астаналарын бір жыл ішінде аралап шығу керек деген мақсат қояр едім. Ол қалаларды тек қана аралап шығып, тамашалау емес, өз еліммен салыстыра отырып әр жүрген жерімде Қазақстан туралы жар сала айтып жүргім келеді. Саяхатшы болу – менің ойымша, ең қауіпті,алайда қызыққа толы сәттері де бар. Саяхатшы болу көптеген жан- жақты білім мен білгірлікті қажет етеді. Баратын ел жайлы мағлұмат жинап, сол елдің мәдениеті мен тілі жағынан біраз болса да хабардар болу керек. Саяхатшылар өз сапары кезінде тек қана барған жерін көріп, тамашалауды мақсат етпей, өзіне мағлұмат жинап, тіпті жаңалықтар да ашып жатады. Осы көптеген саяхатшылар ішінен мен қандай болғым келеді?

Қазіргі әлемдік санақ бойынша әлемде барлығы екі жүз елу бір ел бар. Бір жылдың ішінде әр бір жарым күн ішінде бір елге барып отырсам, бір жылдың ішінде әлемнің барлық елдерінің астаналарында болуға мүмкіндігім бар екен. Бір жыл, қазіргі менің оқушы ретіндегі мектептегі өмірімде біршама уақыт. Алайда бұл уақыт егер мен саяхатшы болсам, “бір жыл- екі жүз елу бір астана” атты арманыма дәлме- дәл келеді екен.

Егер де мен саяхатшы болсам, танымал саяхатшылар - Джеймс Кук, Христофор Колумб, Америго Веспуччи сынды жаңалықтар ашқым келеді. Жердің әлі қаншама зерттелмеген, адам аяғы баспаған қызықты жерлері бар. Ит тұмсығы кірмес, адам аяғы баспаған, кірсе атан түйе адасар ну ормандарды көріп, табиғатымен танысқым келеді. Жаңалықтар ашып, білер қоржынымды толтырып, сол білгендерімді кейін еліме қайта оралғанда адамдармен бөліскім келеді.

Егер мен саяхатшы болсам, әр бір жүріп өткен елді-мекендерде, өз елім жайлы, Қазақстан жері туралы ақпарат таратып, мүлдем бейхабар жандарға паш етіп, олардың біздің елге деген қызығушылығын оятып, саяхаттап келуіне бірден-бір себепкер болғым келеді. Халқымыздың салт-дәстүрлерін айтып, ұлттық тағамдарымызды әзірлеп, өзім білетін әңгіме,жыр- дастандарыммен бөліскім келеді.Еліміздің бастан өткерген тарихи оқиғаларын айтып, хабардар еткім келеді.

Егер мен саяхатшы болсам, ең басты алға қояр мақсатым мен арманым-барған елдердегі мұқтаж жандарға қол ұшын беру. Әрине барған жерлердегі барлық адамдарға көмектесу мүмкін емес, бірақ бүкіл саяхат жасау барысында тым болмаса бір жанға көмек беру, материялдық жақтан болмаса да рухани жақтан қолдау көрсету мен үшін үлкен жетістік және бақыт. Бейтаныс басқа елден келген адамға ашылып, ішкі сырды айту таныс және ортақ таныстарға айтқаннан гөрі сенімдірек және мол тәжірибе береді деген ойдамын.

Егер де мен саяхатшы болсам, өз отбасыма, ата-анама көптеген кәде сыйлар алып келгім келеді.Анаммен бірнеше елдерді аралап, анамның да саяхатшылық жолын бастағанын қалар едім. Ата-анам мен үшін өздерінің көптеген мүмкіншіліктерін құрбан етіп, барынша қолдау көрсетіп келеді, мен де олардың жасаған жақсылығын өтегім келеді. Қайсыбір жан өз атана-анасымен саяхат жасағысы келмейді? Ата-анаммен теңізге саяхат жасап, кейін саяхатшылар отбасы атанғым келеді.

Объяснение:

4,7(41 оценок)
Ответ:
IlachinaViktori
IlachinaViktori
09.01.2022

Адамдар роботтарды өз пайдасына пайдалануды үйренді. Роботтар барлық жерде дерлік. Роботтар ғарышқа ұшып, ауыр операциялар жасайды. Бір жағынан бұл ыңғайлы, бірақ жаман жағынан жаман. Роботтар адамдарды мүлдем алмастыра алады.  Роботтарды құрудың негізгі мақсаты-адамды ауыр, қауіпті немесе күнделікті жұмыстан босату. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл көмек: құрылғылар адамды толығымен алмастырмауы керек, бірақ оның ойлары мен қолдарын монотонды жұмыстан босатуы керек.

Роботтар-бұл адамның механикалық көмекшілері, олар өздеріне жүктелген бағдарлама бойынша жұмыс істейді және айналасындағыларға жауап бере алады. Роботтар адам өмірін өзгертті, көптеген адамдар роботтарсыз өмір сүре алмайды.

Роботтарды ПОЛИЦИЯ, мемлекеттік қауіпсіздік органдары, авариялық-құтқару қызметтері, ведомстволық және ведомстводан тыс күзет күштері кеңінен қолданады. 2007 жылы "үш өлшемді көру зертханасы"Мәскеу компаниясы әзірлеген ресейлік робот-полиция Р-БОТ 001-нің алғашқы сынақтары Пермьде өтті. п

Объяснение:

4,4(39 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ