Бостандық! - деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес талай ғасырларға созылған. Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді.
Қазақтың құрсағы қаншама қайратын жиып, елдіктің туын мығым ұстаған талай ерлерді тарих сахнасына әкеліді. Тарыдай шашырап, жер бетінен жойылып кетер шақта қазақтың басын біріктірген, тәуекелге бел буған қазақтың қайсар әрі батыр хандары еді.
Ресей мемлекеті өз мақсаты үшін жермімізді отарлап, халықты аяусыз езгіге ұшыратты. Осы саясатқа көзін жұмып қарап отырған жергілікті хандар мен билерге, орыс үкіметінің озбыр саясатына қарсы Исатай мен Махамбет, Кенерсары, Сырым, Есет, Нұрмұханбет батырларымыз бастаған көтерілістер найзағайдай бұрқ етті.
Енді бұрынғыдаай атқа мініп, зеңбірекке қарсы шауып, қанға бөкеннен мән шықпайтын еді. Ендігі жол - қараңңы қазақ халқының санасына сәуле шашып, өнер, білім арқылы ұлттық санасын оятуды ойлаған қазақ зиялыларының жолы еді.
"Тәуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, Қазақстан бүкіләлемдік қауымдастықта өз орны бар, абыройлы мемлекетке айналды."- деп Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, біздің мемлекетіміз бүкіл дүние жүзі танитын, міртебесі биік, асқақ мемлекет.
Азаттық , Теңдік, Тәуелсіздік! Осы бір үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбаны болмады. Биыл Алаш баласының рухын көтеріп, еңсесін тіктейтін, әр қазақты мақтанышпен шаттыққа бөлейтін жыл. Биыл Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 25 жыл толып отыр. Бұл бар қазақ халқының бірлігін нығайтатын мерейтой. Жасай бер, гүлдене бер Қазақстан.
Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Бул жерде жай мазмунда деп тургой