Сәлем беру. "Төле би тоқсан жасқа келгенде Қаз дауысты Қазыбек би сәлем бере барыпты". Алыс жолдан келген жолаушы, немесе сол елдің адамы ауыл ақсақалдарына, немесе белгілі адамдарға әдейі іздеп келіп сәлем беру, қалыптасқан ұлттық дәстүріміз. Кейде "алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді" дегендей жөн білетін үлкендердің өзі барып сәлемдесетін де жол бар. Егер сәлем ер адамға қатысты болса "сәлем берді" деп айтылады. Сәлемнің басқа түрі де бар. Мысалы, сыйлы ата, ене, қайынағаларына кездескенде, көргенде келіні оларға иіліп сәлем қылады. Үлкен кісілерден табақ қайтқанда да келін сәлем ету керек. Ондайда біреу "келіндеріңіз сәлем істеп жатыр" деп хабарлайды. Үлкендер оған риза болып, батасын береді. Келіннің сәлем етуі әдептілік пен сыйлаудың белгісі ретінде қабылданады. Сәлем әйел адамға қатысты болса оны "сәлем етті" дейді. Сәлем қылудың тағы бір өзгеше түрі де бар. Егер бір адамның мойны құяң болып, басын бұра алмай қалса, онда ол кербез адамның сыртынан сәлем қылуы керек. Халық ұғымы бойынша құяң сонда жазылып кетеді деген сенім болған. Мұндай сәлем қылудың аяғы көңілді күлкіге жалғасып жатады.[1]
2.Татар-Моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол 1155 жылы ірі ноян Есугей баһадүр отбасында туған. Темучин ер жете келе қол астына Моңғолдың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 жылы көктемде Онан өзені жағасында Темучинді жақтаушы Моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғысхан деген атпен Моңғол ұлысының әміршісі етіп жариялайды. Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде "мыңдық", "жүздік", "ондықтан" тұрды.