Жазып, жаттап алыңдар. Еркіндік – свобода
Азаттық – воля, свобода
Тәуелсіздік - независимость
Бодан, тәуелді – зависимый
Шер-мұң – горе, печаль
Өзек – основа, стержень
Бұғаулану – быть скованным, зависимым
Өгей – не родной
Алшаң басу – важно ступать, свободно ходить
Еңсе – рост; еңсесі түсу – обессилеть
Құрсау – окова, цепь
Боздақ – молодой человек (героически умерший)
Қасиетті – святой
Қастерлі, құрметті – уважаемый
Жанар, көз – глаз
Аманат – наказ, вклад, вещь доверенная на хранение
Саясат – политика
Сермей алмау – не замахивая
Семсер – меч
Езгі күн – угнетенный день
Жалын ату – быть полным сил
Жастық – молодость
Теңселді – потряслись
Қыршын – умерший на рассвете сил
Даңқ – слава
Құн – цена, стоимость
Көксеу, армандау – мечтать
Шуақты – солнечный
Шырайлы – красивый
Шерлі – печальный
Сүйіншілеу – обрадовать
Ғұмыр, өмір – жизнь
Өлшеулі – ограниченный
1-тапсырма. Берілген жаңа сөздердің ішінен бірнеше сөзді пайдаланып, дәптерге жазып 5 сөйлем құраңдар.
1)...
2)...
3)...
4)...
5)...
2-тапсырма. «Тәуелсіздік» тақырыбына синквейн (бес жолды өлең) құрастырыңдар.
Тәуелсіздік
Сын есім, сын есім
Етістік, етістік, етістік
4 сөзден тұратын сөйлем
Синоним
Бердібек Соқпакбаевтың «Менің атым Қожа»атты шығармасының кейіпкерлері
• Қожа — Шығарманың басты кейіпкері. Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны "Қара Қожа" деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Шашы қайратты. Бойы - орта бойлы, әжесі "әкең тәрізді сұңғақ боласың" дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші сыныпты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, университетке түсу. Жазушы болу.
• Жанар — Қожамен бірге оқиды. Қожаның ойынша "кластағы ең бір ақылды қыз. Сұлу." Дауысы әдемі, ән салады. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді. Өнерлі қыз. Сыныптағы бірінші үздік оқушы.
• Сұлтан — ол Қожаның жан досы. Бойы ұзынша арық келген жігіт. Қожадан екі-үш жас үлкен. Әкесі Сүгір жылқы бағады. Бірақ ол біраз жыл бұрын оқуды тастап кеткен және жаман қылықтарға әуес.
• Қаратай — көрші колхоздағы комбайншы. Қаратайдың әйелі дүние салған. Ол Қожаның анасына үйленбекші. Қожа оны жек көреді.
• Жантас — Ол Қожамен бір сыныпта оқиды. Жантас пен Қожа бір бірін ұнатпайды. Себебі Жантас Қожаны үнемі «Қара көже» деп мазақтайды және екеуі де Жанарды ұнатқандықтан үнемі сөзге келіп қалады. Сол себепті өз сыбағасын алады.
• Майқанова — Қазақ тілі пәнінің мұғалімі (Майқанова Сәбира). Қожа оқитын сыныптың жетекшісі. Ол адамгершілігі мол әрі ақылды ұстаз.
• Әжесі — Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай қызғыштай қорғап өсіреді. Өзінің ерке немересін еш жамандыққа қимайтын жанашыр жан.
• Анасы — Қожаның анасының аты — Миллат. Ол ақылды, тәрбиелі адам. Ауылдың үлкен-кішісінің бәрі бірдей алдынан қия басып өтпей, хан көтеріп, құрметтеп тұрады. Екі бірдей сайлауда қатарынан аудандық советке депутат етіп сайланған.
• Сәйбек қарт — Мектеп күзетшісі. Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға ақыл айтқан кісі.
• Оспанов — зоология пәнінің мұғалімі. Қожаның жақсы көретін мұғалімдерінің бірі. Ол Қожаның әкесінің көзі тірі кезіндегі жан досы болған.
• Жақанов — Қожаның сыныптасы.
• А.Михайловна — Толық аты: Анфиса Михайловна. Орыс тілі пәнінің мұғалімі. Қожаның айтуынша, "мұғалімдердің ішіндегі алтын адам".
• Сүттібайдың Қожасы — Қожаның сыныптасы. Сүттібайдың үлкен баласы. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны өңіне қарап "Сары Қожа" деп атайды.