3-тапсырма. Қалау рай тұлғасындағы етістіктерді тауып жазып, талдаңдар. 1.Оның көзінше Торғынға бір де сөз айтқым келмеді. 2. Байдың тұжырымына Кәрімнің қайта жауап бергісі келген жоқ. 3. Бұл хабарды Омархан әкесі Әуезге айтқанмен, Мұхтарға сездіргісі келген жоқ. 4. Сол ілтипатын жасырғысы да жоқ. 5. Қыздың бүгін Абайдан сыр іріккісі келмеді. 6. Сонда да менің қайтқым келмеді. 7. Осы бір бұйығы отырған орныңнан қозғалғың келмейді. 8. — Кет деймін, ажалыңнан бұрын өлгің келмесе, – деп Қасымбек Арынды кеудеден тағы итеріп қалды. 9. Шыңғыс қарсы сөз айтпады және айтқысы да келмеді.
Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буындеп аталады.Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады.Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, соншабуын болады. Мысалы, қарлығаштардың деген сөзде бес дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.Бір дауысты дыбыстан құралған және дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ә-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбысекі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буынбітеу буын деп аталады. Мысалы, Бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.
-Арман ауа райы болжамы бойынша күн суытады,ертеңгі киіміңді дайында! -Не киемін? -Сен жылы тонынды,қолыңа қалың қолбағыңды, басыңа тоқылған малақайыңды,аяғыңа қонышы ұзын етігіңді ки! -Ал аяз қатты болса? -Онда бетіңе тоқыма бөкебайыңды тартып ал!
Арман по прогнозам синоптиков ожидается похолодание,прготовь на завтра одежду! Что одеть? Ты одень теплую дубленку,на руки толстые варежки,на голову вязанную шапку,на ноги сапоги с высоким голенищем А если сильный мороз? Тогда надень на лицо вязанный шарф
То что жирным шрифтом это прилагательные вопрос қандай? какой?