Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес.Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді»
Жастардың жеті атаны жатқа біліп, танысқанда ру сұрасуы міндетті. Оның маңыздылығын ата-ана үйде балаға күнделікті айтып отыру керек. Бұл – бұрыннан келе жатқан қазақтың заңы. Осының негізінде жеті атаға дейін қыз алыспау дәстүрі сақталған. Оған қоғам түбегейлі қарсы. Өйткені, қан араласса одан дені сау бала туылмайды деген түйсік қалаптасқан. Яғни, жастарымыз сезімнің әсерімен ертеңгі күні опық жеп қалмауы тиіс. Сондықтан да білгенді айтып отыру, бізге міндет. Балаға әкеден бастап, ағайын-туысты, нағашы жұртты, алыс-жақынның кім екенін ұғындырып, ата-тегін, руын санасына сіңіріп өсіруіміз қажет, –