М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
2005Angelika
2005Angelika
27.06.2020 00:44 •  Қазақ тiлi

Мәтінді оқы. «Нәзиланың наразылығын тудырған оқиға». 1) Үзінді бойынша екі сұрақ құрастыр.
2) Автор қандай мәселе көтеріп отыр және айтпақ ойы қандай?

***
Үйде Омар, Нәзила, Гауһар. Қамажай кіріп келгенде, Нәзила орнынан ұшып тұрады.
Нәзила: Жолдастар! (Қамажай аңырып тұрып қалады). Біздің әпкейдің жеке мәселесін қарауға арналған үй жиналысын ашық деп жариялаймызн. Түрлі себептермен жиналысқа екі адамымыз қатыса алмай отыр. Тимур қызбен кездесуге кетті. Ермек түнгі сағат он бір болғандықтан, жиналысқа қатыса алмайтынын мәлімдеп, ұйықтауға кетті. Жиналыс ашық дегендеріңіз қол көтеріңіздер! (Өзі бастап бәрі қол көтерді).
Қамажай: Ойбай-ау, сендердің... бұларың не? Мен... сәл... Кешігіп қалғаным...
Нәзила: Жолдас Оспанова, отырыңыз.
Қамажай: Мыналардың дені сау ма, ей? «Оспановасы» несі? Әпке немесе әлгі мамуля демеуші ме едіңдер?
Нәзила: Сіз бұл жайында өзіңізге сөз берілгенде айтасыз. Сонымен іске кіріселік. Осы шаңырақтың белді мүшесі әрі басшысы Оспанова Қамажайдың өзге отбасы мүшелерімен ақылдаспай, өз бетінше жұмысқа орналасқаны бәріміздің ашуымызды қоздырғаны белгілі. Бұл мәселе жөнінде кімнің қандай ойы бар?
Гауһар: Мен Қамажай апайдың ертеңгі жұмыс күнімен құттықтаймын! Бірақ бізге айтпағанына өкпелімін.
Омар: Ғылыми тұрғыдан қарағанда, әрбір адам өз қоғамына қай жағынан болса да пайдалы болуы тиіс. Өйткені, қоғам – адам ойының жемісі. Қол еңбегі мен ой еңбегінің арасында айырмашылық жойылып, еңбекті творчество деп қарауға қалыптасып келе жатқан жаңа психологияның тұсында
Нәзила: Сіз халық университетінде лекция оқып тұрған жоқсыз, сондықтан нақты сөйлеңіз.
Омар: Ғылымға негізделмеген дәлел әлсіз болады, сондықтан сіздерге түсініктірек болсын деп...
Нәзила: Иә, әйтеуір, тез айтып болшы.
Омар: Бұл кісінің жұмысқа орналасуы заңды, бірақ біз үшін тым күтпеген жай. Демек, біздің отбасында шығын көп те, кіріс аз деген сөз. Бұл кісі финанс тапшылығын ескеріп, ұлттық табысқа өз үлесін қосуды ойлаған. Өзіміздің әлсіздігімізді, финанс тапшылығын сезіну – бізге рухани соққы. Ал бұл кісінің әйтеуір бір кезде қоғам өміріне араласуы тиіс екенін ескеріп, кәсіп таңдау жағына өз басым қарсы екенімді білдіремін. Бұл мәселені өз қабырғамызбен кеңірек ойласып, жедел шешім қарастыру керек.
Нәзила: Болдың ба, әйтеуір?
Омар: Болдым.
Нәзила: Онда тезірек отырыңыз.
Қамажай: Е-е, міне, гәп қайда? Сендер менің жұмысқа орналасуымды намыс көріп отыр екенсіңдер ғой. Бұларың дұрыс емес. Сонда мен үйде қол қусырып отыра бермекпін бе?
Нәзила: Жоқ, сіздің кондуктор боламын дегеніңіз ұнамайды.
Гауһар: Иә, иә.
Омар: Иә, иә.
Қамажай: Бұларың дұрыс емес. Жұмыстың жаманы жоқ. Оның үстіне, әжептәуір жалақы алып тұрсам, біз үшін тым артық бола ма? Ермекжан есейді. Үйде өзі қала тұрады. Кейде өзіммен бірге алып кетермін. Биыл мектепке барады. Ұзартылған күн деген бар екен ғой, соған берерміз

👇
Открыть все ответы
Ответ:
anay3
anay3
27.06.2020

Уақыт – біздің өміріміз. Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс күн мен оның сәулесі, ағаш пен жемісі, көз бен көру арасындағы байланыс секілді өте тығыз. Басқа жаратылыстарды айтпағанда, адамзаттың уақыт пен мекенге мұқтаж екеніне ешқандай талас жоқ. Уақытты босқа өткізу – мезгілі өлшеулі, құны өлшеусіз өз өмірімізді рәсуа қылу. Уақытты тоқтатар шамаң бар ма? Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да. Менің жаным ашиды бұл өмірді, Өтпейтіндей көретін адамдарға!- дейді Мұқағали Мақатаев. Расында кейбір адамдар уақытты өміріміздің ұрысы деп есептесе, бірі уақытты ұлы ұстаз дейді. Ал мен уақытты ұстаз санайтын қауымның қатарынанмын. Уақыттың мені сүріндірген кезі болған емес дей алмаймын. Алайда қолдаған, басымнан сипап көтерген сәті аз емес. Ес біліп, етек жинаған сәтімнен бастап саналы әрекет етуіме, сылбыр ойға жол бермеуіме, ақыл таразысына абай болуыма әсер еткен отбасымдағы тәрбие десем, тәрбиенің бойыма сіңімділігіне әсер деп ойлаймын.Адамға Аллаһ бұйыртқан уақыттан асқан сыйлық жоқ...

4,5(76 оценок)
Ответ:
mark02062005
mark02062005
27.06.2020
Табиғат пен адам - егіз ұғым
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтатын тілі жоқ.
Табиғат - тіршілік көзі. Табиғатты қорғау біздің парызымыз, оның әрбір әсері үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де табиғатты одан әрі әсерлендіреді. Әр жыл мезгілдері әр қилы. Төрт жыл мезгілі - төрт түрлі ғажайып күй сыйлайды. Табиғат бізге көп әсемдігін, таза суын, көк аспанын будақ бұлттарымен мөлдір суын береді. Таудан аққан өзен дауысы, жасыл шөптің сылдыры және әр нәрсеге, бізге әсемдік береді. Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тебірентеді. Бұлттары мақтадай, шөптері кілемдей төселген. Табиғатты аялау әр адам үшін маңызды, себебі адамда табиғаттың бір бөлшегі. Таразы басында екі қымбат нәрсе бірі табиғат, бірі адам. Бірі жеңіл тартса таразы аударылады, демек адам мен табиғат егіз ұғым. Бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатты аялап, қорғауымыз керек. Табиғатты аялау дейміз – ау. Осы бір сөздер парақ жүзіне асқалы көп болғанын сізде бізде білеміз. Өзіміздің салдыр - салақтығымыздың нәтижесін көріп те жүргендейміз. Оған дәлел талай баланың дертті болып туылуы болса, ауа - райының үлкен өзгеріске ұшырауы, төрт мезгілде болатын құбылыстың бір күнде болуы, табиғат – ананың да денсаулығына нұқсан келгенін қинала отырып мойындаймыз
4,4(8 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ