Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Кітап-адамның досы. Біз тек кітаптан ғана көп жаңалық пен қызықты біл аламыз. Кітап бізге әр сұрақтың шешімін және қызықты оқиға мен тарихты білуге көмектеседі. Мен кітаптарды оқығанды жақсы көремін. Олар менің қиялым мен оқуымды жақсартады және әр кітап бірнәрсеге үйретеді. Декарт айтқан: Жақсы кітапты оқу-бұл ең күшті өткен өмірдегі адамдармен сөйлесу,және бұл сөйлесу бізге ең жақсы ойларды айтады деп. Кітап- бұл елестету өмірі. Кітапты оқып, сен дами бастайсын. Оқыған адам әрқашан біреумен сөз табысады. Өз сөздік құрамын дамытады. Және де барлық ақпаратты біле алады.
Ksos, sis, fopuy, seip , daoke