М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
jenja117
jenja117
18.05.2023 04:33 •  Қазақ тiлi

Мектептін ең негізгі мақсаты қандай​

👇
Ответ:
wavesea
wavesea
18.05.2023

Білім беру[1] — тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.[2]

AF-kindergarten.jpg

Білім беру жүйесінің басты міндеттері — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпке үйретуге бағытталған біліммен қамтамасыз ету болып табылады. Білім беру оқыту мен өз бетінше іздену негізінде жүзеге асырылады. Оқу-ағарту жұмысы Қазақстанда ерте заманнан басталған. Әсіресе, отырықшы аудандарда орта ғасырлардың өзінде-ақ (7 — 8 ғ-лар) көптеген мектептер мен медреселер (мұсылмандық бастауыш оқу орындары), діни білім беретін жоғары оқу орындары жұмыс істеген. Атақты Әбу Наср әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмед Иүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи, т.б. ұлы ойшылдар діни медреселерде оқып, білім алған. 18 — 19 ғ-ларда мұндай медреселер Қазақстанның барлық аймағында ашыла бастады. 19 ғ-дың 2-жартысында Білім беру ісі үш түрлі бағытта дамыды:

1) қадим мектептері — мұсылмандық дәстүрлі діни мектептер;

2) орыс-қазақ мектептері;

3) жәдит мектептері — әр түрлі ғылым салаларын оқытатын жаңашыл бағыттағы мұсылмандық мектептер.

Қазақстанда 19 ғ-дың 50 — 60-жылдарында діни білім беретін 84 оқу орны болды. Бұл оқу орындары ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, қазиларды, сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды діни қызметкерлерді даярлады. Сондай-ақ, халыққа әдебиет, мәдениет, оқу-ағарту мәселелерінен де дәріс беретін мәдени-насихат орталығы рөлін атқарды. Мұндағы мұғалімдердің көпшілігі Мысыр, Бағдат, Стамбұл және Қазан, Орынбор, Уфа қалаларында оқып, тәрбие алған молдалар болған. Медреселерде оқу мерзімі 4 жыл болып, оған балаларды 7 жастан бастап қабылдаған. Ауылдық жерлердегі мектептер қазақтың көшпелі өміріне бейімделіп, оқу күз, қыс айларында жүргізілді

4,5(29 оценок)
Ответ:
temamojet1997
temamojet1997
18.05.2023

балаларға білім беріп олардын білімін жетілдіру

Объяснение:

дұрыс

4,4(64 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ala4ka
ala4ka
18.05.2023

Мен күзгі демалысты өте асыға күттім,Себебі,менің ата-анам мені саябақтарға апарып,кинотеатралардың жаңа прьемераларына апарамыз деп уәде берді,Бірақ өкінішке орай ата-аналарымның қолы жұмыстан босамады, Ауа-райы демалыста қандай жарқырап тұрды,Көңілім өте көтеріңкі болды,, Келесі күні мен құрбыларыммен кездесіп,кішкентай сіңілімді кинотеатраға апардым,Кинотетрдаға адамдарды көрсеңдер,бәрі асыға билеттерін сатып алып киноға жөнелді,Біз де сіңілімнің сүйікті мультфильміне кірдік''Облачно возможно осадки,Месть ГМО2''.Бәрімзге ұнады,Тағы әжем мен атама барып,қуантып кеттім,сөйтіп жүргенде демалыстың біткенін де білмей қалдым! Күзгі демалыс ең қысқа демалыс екенің аңғардым,Сөйтіп барлық күшімді жинап келесі ,оқу  тоқсанына кірістім

4,8(16 оценок)
Ответ:
Zubkub
Zubkub
18.05.2023

мнау эссесі            Бүгін жаһандық мағынада бүкіл әлем адамның абыройы тұрғысынан маңызды бір сынақтан өтіп жатыр. Еш күмәнсіз, адамзат тарихы адам құндылығының аяқ асты болған, абыроймен өмір сүрудің қиындатылған кезеңін басынан өткеруде. Зорлық-зомбылық пен террорлық оқиғалар белең алған, қылмыс пен азғындық әрекеттер жылдам артып отырған дүниеде адами құндылықтарға жараспайтын оқиғаларға жиі кездесіп жатамыз. Жоқ жерден себепсіз соғыс шығару, терроризм, күш қолдану, азап көрсету, зұлымдық, отаршылдық, нәсілшілдік, әділетсіздік, теңсіздік, кемсітушілік, еңбекті бағаламау, аштық, жоқшылық сияқты адам атын қорлайтын жаһандық мәселелер бүгінгі қоғамның деңгейін көрсететін мысалдар. Әлемдік жаңғыру кезеңінде артып отырған рационализациялаумен бірге материалдық тұрғыдан маңызды табыстарға қол жеткізілді. Әсіресе, технология саласында тіркелген дамулар адам өмірін маңызды көлемде жеңілдетті. Алайда, жаңғыру материалдық тұрғыдан өте үлкен жеңілдіктер мен мүмкіндіктер ұсынғанымен қатар, адам мен табиғатты отарлау, соғыс қаупі, қоршаған ортаны ластау, адамзатты рухсыздандыру көптеген проблемаларды да өзімен бірге ала келді. А білім мен технология саласында қарыштап дамығанымен, адам абыройын қорғау мен жоғарылатуда алға баса алмай келеді.

Құндылық — мәдениеттің құрамдас бөлігі. Мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы себепті құндылық адамдардың өзін ұстауын реттейді, олардың шынайы тәртібін айқындайды. Мәдениет құндылықтары, тиісінше, материалдық және рухани болып бөлінеді. Құндылықтардың мазмұны қоғамның мәдени жетістіктерімен шарттастырылған. Құндылықтар әлемі, сөздің кең мағынасында, мәдениет әлемі деген сөз. Ол адамның рухани қызмет аясы, оның санасының дұрыстығын айғақтаушы, адамның рухани байлығының өлшеуші іспетті. Құндылықтарды мүдделердің қарапайым жалғасы немесе бейнеленуі ретінде қарастыруға болмайды. Олар салыстырмалы өзінділікке ие.

4,6(31 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ