М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

10. Сабақты етістікті табыңыз. А) Ала таяқ В) Адам ету С) Ел қуанышы Д) Доп тебу Е) Сәуір айы

👇
Ответ:
2006otvet
2006otvet
03.03.2021

Д) Доп тебу

Объяснение:

4,5(94 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Dasha12357123
Dasha12357123
03.03.2021

                                      Менің бос уақытым

Мен бос уақытымды пайдалы істерге жұмсағанды жақсы көремін. Мысалы, сурет салып және оны бояулармен бояғанды ұнатамын. Одан басқа, мен компьютер ойындарын ойнауды ұнатамын. Алайда, компьютердың алдында көп отыруға болмайтынын білемін. Анамның айтуы бойынша, ол адам ағзасына өте зиян. Сол себептен, компьютер ойындарын күніне екі сағаттан көп ойнамаймын. Одан да, анамды суреттерімен қуантып, көңіл-күйін көтергенім дұрыс сияқты. Мен сабақтан бос уақытымды өзімнің сүйікті хоббиіме арнағанды ұнатамын. Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады.  Менің сүйікті хоббиім - сурет салу. Сурет салумен мен үш жасымнан айналысамын. Арнайы өнер мектебінде сурет салу бойынша қосымша сабаққа барамын. Сурет салуда бір құпия бар сияқты, өйткені сурет салу барысында өзіннің қиялыңа еркіндік беріп, ойыңдағы нәрсені сурет арқылы білдіресің. Келешекте аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын. Сурет салуға бар бос уақытымды арнап, талантымды шыңдауға тырысамын, әлемге әйгілі суретшілердің қаламдарынан шыққан туындыларды тамашалап сусындаймын.  Қаладағы көркемсурет галереясының бірде бір көрмесін жіберіп алмай, міндетті түрде барып тұрамын, себебі белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары ешкімді де бейжай қалдырмасы анық, әрі осы арқылы рухани азық алып, сусындауға болады. Сонымен қатар қазіргі таңда аса танымал болған шеберлік сабақтарына қатысып, бұрын білмеген нәрселерімді үйренуге тырысамын.  Алдыма мақсат қойып, болашақта аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын.Менің бос уақытым көп бола бермейді. Сабақтан келіп, тамақтанып, үй тапсырмаларын орындаған соң үйдегі өзіме тапсырылған шаруаларды орындаймын. Оларды орындаған соң аздап тынығып алуым керек. Содан кейін бос уақыт болса теледидар қараймын немесе компьютер ойнаймын. Одан бөлек мен бос уақытымда оригами жасаумен айналысамын, қағаздан түрлі заттар қиып шығарамын. Кейде көрші достарыммен далаға шығып ойнаймын. Демалыс күндердегі бос уакытымда үйдегілерге көмектесемін.

Объяснение:

поставте лайк и сделайте лучшим ответам

4,7(44 оценок)
Ответ:
snegjana
snegjana
03.03.2021

Романда Қаныш Сәтбаев бейнесі қазақ халқының ХХ ғасырда басынан өткерген барша жетістігі мен жеңісінің, қиындығы мен қасіретінің куәгері ретінде ғана суреттеліп қоймайды, сол күрделі кезеңнің бел ортасында жүрген қаһарманы тұрғысында сомдалған. Яғни, Қаныш сынды ұлы тұлғаның ғұмыр шежіресі арқылы тұтас бір тарихи кезеңнің әлеуметтік-саяси, мәдени-рухани болмысы ашылып көрсетілген. Автор тек суреткер ретінде ғана емес, инженер-металлург ретінде де Қ.Сәтбаевтың кәсіби және ғылыми өмір жолын саралай суреттеуге келгенде қаламгерлік қарымдылығына қоса, тақырыпты кәнігі біліктілікпен игерген тереңдік танытып отырады. Ғұмырнамалық романды шынайы көркемдік биікке көтере алған себептердің бірі осы екені шәк келтірмейді.

М.Сәрсеке романда бас кейіпкерді бірыңғай сыдыра мақтауға бармайды. Өмір шындығын өзек ете отырып, Қанаңның қателескен, сүрінген, шамырқанған, ширыққан тұстарын, сондай-ақ ізденген, күрескен, жеңіске жеткен кезеңдерін шығарманың алтын арқауына айаналдыра алған. Мұның өзі, авторлық қиялға көп ерік бере қоймайтын ғұмырнамалық романның көркемдік өресін биіктетуге кепіл болған. Былайша айтқанда, автор өмір драмасын өнерге айналдырған. Әсіресе, империяның кезекті репрессиялық әрекеті басталып, “ұлтшылдықты іздеу” науқаны қабындаған 50-ші жылдар зардабын, сол кездегі Қ.Сәтбаевтың қатерлі де, қаһарлы сыны мол кезеңді бастан кешуін романның ең бір кульминациялық шыңы деуге болады. Ет жүректі пенденің шыдау-шыдамауы неғайбыл ситуацияда Қанаң шын мәнінде парасаттылық пен даналықтың, азаматтық пен табандылықтың үлгісін көрсетеді. Мұның бәрі романда терең тебіреніспен, тегеурінді суреткерлікпен көрініс тапқан.

Автор Қ.Сәтбаевтың ізімен жүруге, ол болған орындарды көзімен көруге айрықша мән бергені байқалады. Әсіресе, Қанаңның көзін көргендермен сырласып, ұлы тұлғаның өмір майданындағы болмысын тану үшін; дәлірек айтқанда, ұлы тұлға бейнесін сомдау үшін ұрымтал пайдалана білген. Бұл ретте, тарихи деректер, айғақтар, естеліктер, архив материалдары авторлық баяндауы жандандырып, бас қаһарманның өсіп-жетілу жолдарын, ғылыми-кәсіби шыңдалу кезеңдерін барша ақиқатымен аша түсуіне себепші болып отырады.

Қ.Сәтбаев тұлғасын сомдау М.Сәрсекенің қаламгер ретіндегі ең өзекті мұратына айналғанын осындайда атап өтудің артықтығы жоқ. М.Сәрсекенің алғаш Қанаң туралы қалам тартуы мен соңғы роман-эссесінің арасында аттай 36 жыл өтіпті. Осы уақыт ішінде Қанаң жайында үлкенді-кішілі 7 кітап жариялап, бұл кітаптары әлемнің 112 еліне тарапты. Ұлы тұлғаны ұлықтауға қатысты еткен еңбек, төккен тер осындай-ақ болса игі.

Сөз соңында, М.Сәрсеке роман-эссесінің идеологияшыл қыспаққа ұшырамай, жал-құйрығы күзелмей, авторлық ой-тұжырымдар тұншықтырылмай, толық нұсқасында жарық көруі және көз қуанып, көңіл сүйсінетіндей болып басылуы, ең алдымен тәуелсіздігіміздің шапағаты екеніне шәк жоқ. Сонымен бірге, “Атамұра” ба да елдік іске шынайы жанашырлықпен, кәсіби біліктілікпен, шығармашылық жауапкершілікпен қарап, кітапты биік талғам деңгейінде басып шығарғанын атап өткен жөн.

4,6(32 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ