ответ:айнадан байыптап қарап алайын... Мынау, міне, мұрным. Әжем кейде менің атымды атамай, «тампыш неме» дейді. Оның айтқаны ып-рас екен ғой. Екі танауыма екі саусағым еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейіп тұр. Екі шекемнің шығыңқылығы болмаса, басым қарбыз тәрізді доп-домалақ, тап-тақыр. Шашымды Әубәкір шал кеше ғана ұстарамен сыпырып алып тастаған.
Ох, менің шашым! Қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес. Осы ауылда оны алуға жарайтын бір ғана ұстара бар — ол Әубәкірдікі. Оның өзі де алғаш салған бетте тұтқырланып, жүрмей қалады. Шашымды әр алған сайын, Әубәкір мені бірінші рет кездестірген адамдай таң қалып бітеді.
— Япыр-ай, мұндай да шаш біте береді екен-ау! Мынау шаш емес, тікенек қой. Тікенек. Мінезіңнің шатақтығы осыдан-ақ көрініп тұр.
Сипатталмаған енді нем қалды! Қаралығымды әуел баста-ақ айтқанмын. Сол жақ құлағымның астына таман бір түйір қалым бар. Ботшағардың бітпейтін жерге бітуін қарашы. Одан да бетімнің ұшына таман болсашы. Сонда әдемірек көрінер ме едім. Бір азуымды былтыр... жә, оны айтудың қажеті де болмас. Кімнің тісін құрт жемейді дейсің және ол былай қарағанда көрінбейді де.
Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді. Әжем болса, әкең тәрізді сұңғақ боласың дейді. Кімдікі рас екенін құдайым білсін. Өткен күзде мектепте дәрігер қарап өлшегенде, бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан едім. Егер шашым болса, жүз қырық шығуы сөзсіз еді. Тақыр бас жүргеннің осындай залалы да бар. Жасым он екіде. Бесінші класты бітіріп отырмын.
Объяснение:осыны окы осы жерде кожа озын сиппатайды
аңыз әңгімелердің бірінде былай дейді: «Төле бала бірде Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп отырған Әнет баба ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ?» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады. - Балам, мынаны сындырып көрші? Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. - Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт еткізіп, оп-оңай сындырып береді. Әнет баба: - Бұдан не түсіндің, балам? - дейді. Сонда Төле бала: - Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой. - Бәрекелді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, - депті». Әнет баба Қалқаман-Мамыр дауы кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік айтады, бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр көнбейді. Ол Мамырды атып өлтіріп, «енді тентегіңді сен өлтір» деген ауыр шарт қояды. Көкенай батырдың шартына амалсыз көнген Әнет баба «Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын» деген тоқтамға келеді. Бұл жазадан Қалқаман аман құтылады. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасында: «Әнет бабаң - Арғынның ел ағасы, Әрі би, әрі молда ғұламасы. Орта жүзге үлгі айтқан ғаділ екен, Сол кезде тоқсан беске келген жасы», - деп суреттеледі. 1723 жылы көктемде жоңғарлар шабуылы басталып, ел «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған кезде Әнет баба жұртта қалады. Кейін Көкенай бастаған батырлар ұлы бидің сүйегін тауып, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мазарына жерлеген. Алматы қаласы көшелерінің біріне Әнет баба есімі берілген.
Қасы бір келкі, кекілі бар, мұрны сүйір, көзі сәл қиықтау, беті қаралау.
Объяснение:
осылай дұрыс болады.