Алматы Қазақстанның ең ірі мегаполисі. Ғылыми, білім беру, мәдени, тарихи, экономикалық, қаржылық, банктік және елдің индустриялық орталығы болып табылады. Қаланың аты, Алматы, «алма қаласы» деп аударылады.
Алматы Іле Алатауының бөктерінде, Тянь-Шаньның солтүстік жотасының етегінде, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында, Еуразия құрлығының орталығында орналасқан. Алматы қалалық аумағында бақтар мен бақшалар, саябақтар мен бульварлар сегіз мыңнан астам гектар жерді алып жатыр. Қаланың жалпы ауданы 340 км2 құрайды. Қала тұрғындары шамамен 2 миллионнан астам. Көптеген діндер мен түрлі ұлт өкілдері бар.
Қазіргі таңда Алматы қаласында 18 театр, 45 мұражай мен сурет галереялары бар. Мұнда музыканың түрлі салаларындағы көптеген фестивальдар өтуде: Джаз, рок фестивальдар, ретро фестивальдар. Алматыда қаланың ерекше мәртебесін көтеретін Қазақстандағы ірі банктердің бөлімшелері,көп ұлтты қаржы институттар және еншілес компаниялар орналасқан. Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы, Орталық Азия географиялық қоғамы, «Каменское плато» обсерваториясы, сондай-ақ көптеген жетекші университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары бар.
Қаланың шетінде Медеу және Шымбұлақ тау шаңғысы орталығы секілді көптеген спорт кешендері, альпинист туристік лагерлер, ши , демалыс орталықтары, және кемпингтер салынған.
Менің отбасым өте үлкен. Біздің үйде атам, әжем, әкем, анам, ағам, қарындасым және мен бәріміз бірге тұрамыз. Әр отбасының өзіндік ережелері мен дәстүрлері болады. Біздің отбасымыздың жақсы дәстүрлері қатарына отбасы болып демалу мен қонақжайлылықты жатқызатын едім.
Атамыз қазақ қашан да тағамды аса бағалап, қадір тұтқан. Әжем мен анам үйге келген кісіні ең болмаса нан ауыз тигізбей жібермейді және үнемі «Астан үлкен емессің» біздің құлағымызға қазірден бастап құйып отырады. Бұл дегеніміз - қонақжайлылық пен жайсаңдық, өнегелі тәрбие бастауы. Бұрынғы заманнан-ақ қазағымның дастарханы үйге келімді - кетімді кісінің бәріне жайылып, бар тәтті осы кісілерге ұсынылған.
«Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады. Атам мен әжем өте қонақжай кісілер. Біздің үйге қонақ жиі келеді. Қонақ күткенді бәріміз ұнатамыз. Алыс жақындағы туған - туыстардың бәрі біздің қалаға жолдары түссе, біздің үйге келіп, ат басын тірейді. Ас үйіміздің қақ ортасында үлкен, дөңгелек үстел бар. Осы үстелдің басында барлығымыз жиналып шай ішіп, әңгімелескенді ұнатамыз. Қонақжай қазақ болғандықтан дастарқанымыз жиылмай, қонақ келіп қалса, үнемі дайын тұрады. Біздің отбасымыз өте тату. Мен отбасымда жақсы көремін!
Объяснение:
Сусыз тіршілік жоқ