М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Kot12321
Kot12321
20.02.2020 20:43 •  Қазақ тiлi

Осталось 10 мин

текст
Оқылым тапсырмалар мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз. xix ғасырдың аяғында қазақ халқын саяси жағынан қайта түлету қажет екенін айқын түсінген қазақ зиялылары қалыптаса бастады. қазақ зиялылары арасында елжанды саясаткерлер шықты. олар-көрнекті ғалымдар, жоғары білімді адамдар. түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері ахмет байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі қостанай облысы, жангелді ауданы сарытүбек ауылында дүниеге келген. тоғыз жасында орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебіне оқуға түседі. 1895 жылы педагогикалық кеңестің шешімімен "бастауыш училищенің оқытушысы" деген атақты алып шығады. ахметтің саяси жолы 33 жасында басталды. 1905 жылдан саясатқа араласты. ол жер мәселесі жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болған. қазақ халқының xix ғасырдағы ең көрнекті ақындарының бірі махамбет өтемісұлы. махамбет жас шағында жәңгір ханның қолында болады, бірақ Туысынан өр мінез, өжет жанды махамбет хан сарайында әділетсіздік пен теңсіздіктің куәсі рөлінде ұзақ тұра алмайды, көп кешікпей өзі шыққан халықтың арасына оралады. исатай тайманов бастаған шаруалар көтерілісінің махамбет ең белсенді ұйымдастырушыларының бірі, жалынды жаршысы болды. бүгін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, әдебиет сыншысы, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескен, "шындықтың шырақшысы" атанған, халқы "аға" деп сүйіспеншілікпен әспеттенген тәкен әлімқұлов. жазушы шығармаларының негізгі тақырыбы-ауыл тіршілігі, адам тағдыры. ол абай, махамбет секілді тарихи тұлғалардың өмірі жайлы көркем шығармалар жазды.​


Осталось 10 мин текстОқылым тапсырмалар мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойын

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Nastyalimelps13
Nastyalimelps13
20.02.2020

Қазақ отбасында.

Дәстүрлі қазақ отбасында қариялар, яғни аталарымыз бен әжелеріміздің алар орны ерекше.

Аталарымыз - халықтың, отбасының ең сыйлы адамы. Ол отбасының, елдің бірлігін сақтайтын, халықтың болашағын байыптайтын, көпті көрген дана қария. Ал әжелеріміз болса, тәлім – тәрбиенің бастауы, бізге үлгі – өнеге көрсетер асыл жандар, қазыналы бұлақтың қайнар көзі ғой. Жанұяда бала тәрбиелеуде алатын орны ерекше – осы мейірімді әжелеріміз. Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі.

Ал бізге жарық дүние сылйаған әкеміз бен анамызыдң алдындағы һмірлің перзенттік парызымыз туралы ешқашан ұмытуға болмайды.

Әке деген - біздің асқар тауымыз, қорғанымыз, панамыз және асыраушымыз. Бұл дүниеде, менің ойымша, адамның екі ең жақын адамы бар: бірі - Ана болса, екіншісі - Әкеміз. «Әке көрген оқ жонар» деп бекер айтылмаса керек. Себебі әке бала үшін, әсіресе ер бала үшін ең жақын дос, сырлас, әрі үлгі тұтар азамат.

Әрбір адам үшін дүниедегі ең жақын адам ол - анасы. «Ана» деген сөз үш – ақ әріптен ғана құралса да, бұл сөзде орасан зор құдірет пен үлкен мейірімділік бар. Себебі, анамыз бізге баға жетпес сый - өмір сыйлады. Халқымыз "Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген. Себебі әрбір ана баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, уайымдап, кейін ержеткен кезде де әрқашан жанымыздан табылады. Ана деген - бұл өмірде ең жақын сырлас дос. Аналарымыз бізді сәби күнімізден бастап әдепті, мейірімді, ізетті болуға тәрбиелеп, бойымызға тек асыл қасиеттерді дарытуға тырысады. Осы ақ жаулықты аналарымыздың берген ізгі тәрбиесін бойымызға сіңіріп, салиқалы ұрпақ болып өссек, ата – аналарымыздың бізге артқан үкілі үміттерін ақтап, жерге қаратпасақ, нұр үстіне нұр болар еді деп білемін!

4,5(98 оценок)
Ответ:
lianagabrielya
lianagabrielya
20.02.2020

Термин сөздер – белгілі бір ғылымның, техниканың, спорттың салаларына жататын сөздер. Терминдер бір ғана тура мағыналы сөз болып келеді.

Терминдегі сөздердің басты қасиеті мынадай:

а) ғылым мен техниканың әр саласына тән болуы керек.

ә) термин сөздер дара бір мағыналы болуы керек.

б) термин сөздердің көпшілігі дүние жүзі тілдерінің бәріне ортақ болуы керек.

Лингвистикалық терминдер: фразеология, фонетика, лексика, морфология, синтаксис, стилистика, метафора, идиома, метонимия, омоним, синоним, антоним, орфография, архаизм, историзм, бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш т.б.

Физикалық терминдер: күш, жылдамдық, орын ауыстыру, үдеу, салмақ, қозғалыс жатса, скалярлық шамаларға: жұмыс, энергия, масса, қуат, уақыт, температуралар .

Биологиялық терминдер: биология, ботаника, жасуша, микроскоп, жасуша қабықшасы, цитоплазма, пластид, лейкопласт, хлоропласт, хромопласт, ұлпа, түзуші ұлпа, жабын ұлпа, қор жинаушы ұлпа, фотосинтездеуші ұлпа, фотосинтез, мүше, мүшелер жүйесі, биосфера, популяция, биогеоценоз, макроэлементтер, микроэлементтер, гидрофильді, моносахаридтер, дисахаридтер, генетикалық код және т.б.

Математикалық терминдер: қосу, алу, көбейткіш, көбейтінді, алгебрa, аксиома, теорема, коэффициент т.б.

Химиялық терминдер: оксид, натрий, хлорид, элемент, периодикалық жүйе, реакция, көміртегі, қышқыл, азот, химиялық қосылыс т.б.

4,4(37 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ