ответ:Мал адамның бауыр еті». «Малы бірдің – жаны бір», «Мал ашуы – жан ашуы», «Ағайын – ащы, мал – тұщы», «Малдының беті жарық, малсыздың беті кән шаршық», Семіздікті қой ғана көтереді», «Тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық», «Қойдың саны мыңға жетсе, керегенің басынан бас кетпейді», «Қой алты күн аштыққа шыдайды»«Малды бақсаң қойды бақ, май кетпейді шарадан», «Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл-көсір», «Қойың болмаса, байлықта ойың болмасын»«Есің кетсе ешкі жи, ешкі жи да есің жи», «Сойсаң еті қалақтай, саусаң сүті бұлақтай» «Сиыр алсаң танып ал, танымасаң тарғып ал», «Сиыр мүйіздің күші болмайды, егіз мүйізді сиырдың сүті болмайды» «Сиыр судан жериді, су сиырдан жериді», «Жамаң сиыр жазда бұзаулайды», «Өгіз мінгеннің өмірі өксиді», «Нәсілі жаман сиырдан өлі бұзау туады» «Соқыр сиыр соқпакшыл, жаман адам тақпақшыл», «Сиыр сипағанды білмейді, жаман сыйлағанды білмейді» Жалғыз баласы өлген жұртта калмайды, жалғыз түйесі өлген жұртта қалады», «Қоңсы ақысын түйе кайтарады», «Бесті бураның күні күркірейді», «Түйелі ел қырға, түйесіз ел Сырға»
Объяснение:
Пейіш, тозақ таласар, таласуда баян бар,
Тозақ айтар: мен артық, менде Перғауын, Һаман бар.
Пейіш айтар: білмейсің, сенде қандай талғам бар?! –
Перғауын, Һаман сенде-дүр, менде Жүсіп, Кенған бар.
Тозақ айтар: мен артық, дүниепарас көп құл жүр,
Қолдарына салынған алмас кісен, от-шынжыр.
Пейіш айтар: мен артық, мен – Пайғамбар мекені,
Алдарында олардың: кәусар, һүр мен нөкері.
Тозақ айтар: мен артық, менде жөйіт, тарса бар,
Жөйіт, тарса тәндерін сансыз азап паршалар.
Пейіш айтар: мен артық, менде иманды құлдар бар,
Момындардың алдында шексіз нығмет – гүлзар бар.
Тозақ айтар: мен артық, залым құлдар бар менде,
Залымдарға беретін зәһар – менде, зәр – менде.
Пейіш айтар: мен артық, ғалым құлдар – төрімде,
Аят, Хадис, Құран бар ғалымдардың көңілінде.
Тозақ айтар: мен артық, алаяқ бар – қойнымда,
Оттан ескен кісен бар мұнафықтар мойнында.
Пейіш айтар: мен артық, менде – хақ жол тұтқандар,
Сопылардың көңілінде Зікір, Пікір, Сұбхан бар.
Тозақ айтар: мен артық, бейнамазды аяр бар,
Бейнамаздың мойнында жылан менен шаян бар.
Пейіш айтар: мен артық, менде – Дидар-Мұратың,
Жар Дидарын көрсетер бар Рахман – Рахым.
Тозақ сонда тақ тұрды, пейіш көкке самғады, ал,
Құл Қожа Ахмет, не білдің? –
Білдіруші Алла бар.