Біз Қазақстан Республикасының Президентi мен Ресей Федерациясының Президентi ХХI ғасыр қарсаңындағы кең ауқымды халықаралық тұрғыда екi ел арасындағы қарым-қатынастардың жай-күйi мен даму перспективаларын жан-жақты талқылай келiп,
Қазақстан мен Ресей халықтарының тығыз достық байланыстарының тарихи қалыптасқан дәстүрлерi мен игi құндылықтарына сүйене отырып,
Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршiлiк қатынастарды, көп қырлы өзара іс-қимылдарды нығайту екi мемлекет халықтарының түбiрлi мүдделерiне жауап беретiнiне, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiк iсiне қызмет ететiнiне кәміл сене отырып,
Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Хельсинки Қорытынды актiсiнiң және Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның басқа да құжаттарының халықаралық құқықтың жалпы таныған нормаларының, сондай-ақ адам құқығы саласындағы халықаралық өлшемдердiң мақсаттары мен принциптерiне адалдықтарын қуаттай отырып,
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде кең ауқымды ынтымақтастыққа ниеттеніп және Қазақстан мен Ресей Федерациясының Достастыққа қатысуынан туындайтын мiндеттемелерiн сақтауға бекем бел буып, осы Декларацияны қабылдаймыз және салтанатты түрде мәлiмдеймiз:
Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (Ф. вон Ріцһтһофен) бен А. Һерман (А Һерман) 19 ғасырда ұсынған.Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы ЫЫ ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, ВЫ ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.