Мәтін бөлімдерін талда I. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау – бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін мәселе . Әрбір құқықбұзушылық пен қылмыс – отбасы үшін орны толмас қайғылы оқиға . Қылмыстың нәтижесі біреуді өлімге , енді бірін мүгедектікке апарса , біреу өз өмірінің болашағына балта шауып , темір тордың ар жағында қалады . Қалай десек те , құқықбұзушылық жақсылыққа апармайтынын естен шығармайық . ІІ . Жалпы , жастардың және жасөспірімдердің қылмыс жасау мәселесі құқық қорғау жүйесінің ғана емес , сонымен қатар отбасының , барша мемлекеттік ұйымдардың үнемі қадағалауын талап етеді . Жастар арасындағы қылмыс қашан да ұлт тұтастығы мен ел болашағына қауіп төндіріп , қоғамымыздың ары қарай дамып өркендеуіне кері әсерін тигізетіні анық . ІІІ . Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолдарын таңдауы – дәуір қасіреті . Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы жас адамдар . Жасөспірімдер қылмысы мен тәртіпсіздігі неден бастау алады ? Қоғам желіктіріп тұр ма , жоқ , әлде тәрбие таяз ба ? Сотталған жас азаматтардың көбеюі қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын , халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады . IV . Астана қалалық сотының мәліметінше , соңғы жарты жылда кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен елордада 43 қылмыстық іс қозғалыпты . Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16 - ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі . Алайда адам өлтіру , қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру , адамды ұрлау және т.с.с. ауыр қылмыс жасаған тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады .
Менің сүйікті қалам - Шымкент. Ол - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Басқа облыстарға қарағанда халық өте көп шоғырланған. Өйткені климаты жылы, ауа-райы жайлы болып келеді. Қаламыздың көкорай шалғын шөптері, ағаштары, жайқалған гүлдері оны одан әрі әсем етіп, көркем етіп көрсетеді. Шымкентті «жасыл қала» деп аталуының бір себебі де осы. Шымкенттің айналасында Бадам және Арыс өзендері ағып өтеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары: Түркістан, Отырар, Сайрам, Төлеби, Мақтарал, Бәйдібек, Ордабасы т.б. жатады.
Шымкент сауда-саттық жағынан да жақсы дамыған. Шымкентте бірнеше завод, фабрика, өндірістік орындар бар.
Шымқаланың орталығында көптеген саябақтар, ойын-сауық орталықтары, зообақ, цирк, сауда орталықтары бар. Саябақтарда көптеген тарихи мүсіндер қала көркіне көрік қосып тұр. Атап айтқанда: Абай саябағында А.Құнанбаевтың мүсіні, облыстық сот алдындағы үш бидің мүсіні, Ұлы сазгер-композитордың құрметіне салынған Шәмші аллеясындағы Шәмші Қалдаяқовтың мүсіні, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің құрметіне салынған ескерткіш тастар бар.
ХІV-ХV ғасырларда Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкент қаласы қауырт өсіп, тез дами бастады. 1425 жылы жазылған Шарафад-дин Али Иаздидің «Зафар-нама» шығармасында «Шымкент» атауы Сайрам маңындағы қыстақ ретінде ауызға алынады. Алайда кездейсоқ табылған тас қару бұл жерде адамның сонау тас дәуірінде – бұдан ондаған мың жыл бұрын пайда болғанын дәлелдейді. Ғалымдардың көрсетуінше, мұнда андроновшылар дәндік тары, бидай егіп өсірген, ірі қара мал ұстаған, қой баққан. Мыс пен қола металдарынан еңбек құралдарын – балта, пышақ, пішен шабатын шалғылар, қару-жарақ пен әшекейлер т.б. жасаған. Шымкент жерінде сақ тайпалары жасаған қола ұшты жебелер, қанжарлар тәрізді сақ қару-жарақтары табылған. Сақ ұрпақтары – кангюйлер б.з.д. І мыңжылдықта Сырдарияның орта ағысында аса қуатты Кангюй
Менің сүйікті қалам - Шымкент. Ол - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Басқа облыстарға қарағанда халық өте көп шоғырланған. Өйткені климаты жылы, ауа-райы жайлы болып келеді. Қаламыздың көкорай шалғын шөптері, ағаштары, жайқалған гүлдері оны одан әрі әсем етіп, көркем етіп көрсетеді. Шымкентті «жасыл қала» деп аталуының бір себебі де осы. Шымкенттің айналасында Бадам және Арыс өзендері ағып өтеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары: Түркістан, Отырар, Сайрам, Төлеби, Мақтарал, Бәйдібек, Ордабасы т.б. жатады.
Шымкент сауда-саттық жағынан да жақсы дамыған. Шымкентте бірнеше завод, фабрика, өндірістік орындар бар.
Шымқаланың орталығында көптеген саябақтар, ойын-сауық орталықтары, зообақ, цирк, сауда орталықтары бар. Саябақтарда көптеген тарихи мүсіндер қала көркіне көрік қосып тұр. Атап айтқанда: Абай саябағында А.Құнанбаевтың мүсіні, облыстық сот алдындағы үш бидің мүсіні, Ұлы сазгер-композитордың құрметіне салынған Шәмші аллеясындағы Шәмші Қалдаяқовтың мүсіні, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің құрметіне салынған ескерткіш тастар бар.
Мен Шырайлы Шымқаламды шын жүрекпен сүйемін!