М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
yulia14683
yulia14683
25.09.2022 20:57 •  Қазақ тiлi

"Наурыздың сәні - наурызкөже"

тақырыбында 80-100 сөзден тұратын эссе жаз. 7 КЛАСС​

👇
Ответ:
anayaremenco
anayaremenco
25.09.2022

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін дәстүрлі наурызкөжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурызкөже дайындалады. Ырымшыл қазақ халқы әу бастан киелілікке, қасиетті сандарға мән берген. Сол себепті бұл тағамды жеті түрлі тағамнан жасап, молшылық болсын, береке болсын деп ниет еткен. Табиғат бастауы су ғой. Сусыз тіршілік болмас. Сондықтан Наурызкөженің де негізі су болып табылады. Бұның да астарында - өмір өзен, ұрпақ-өріс судай асып-тасысын дегені болса керек. Қазақтың ең жақсы көретін, негізгі ас дәмдерінің бірі – ет. Қашанда қазақы дастарханның берекесін ет келтіреді. Сол себепті Наурызкөжеге қазақтың төл асы – ет қосылады. «Ұзынсарыға» сақталған сүрі етті қазан толсын, ас мол болсын деген ырыммен тұтастай Наурызкөжеге салып қайнатады.

Көжеге үшінші - дәм арпаны қосады. Арпаның емдік қасиеті жайлы бәріне белгілі. Арпаны жиі пайдаланатындардың қаны бұзылмайды дейді білгіштер. Ирак тәуіптері бұл дәнді «ғажап құтты дән» деп атаған. Көптеген ауруларға шипалы. Сонымен қатар тойымды болып келеды.

Арпамен қоса, тары, күріш сияқты дәнді дақылдар қосылады. Жалпы, Наурызкөжеге дәнді дақыл қосудың бір мағынасы – бір тамырдан өсіп-өнген дәндей ұрпағымыз көп болсын деген тілек болса керек. Наурызда берілетін бата нышаны осы Наурызкөжеде де сайрап тұр. Көжеге міндетті түрде айран немесе ақ құяды. Бұның да негізінде – сүттей ұйып отырайық, ақ мол болсын деген ниет жатқан болар. Қазақтың ұлттық тағамдарының көбіне осы сүттен жасалады. Ұлттық тағам – Наурызкөжеге де қосылуы заңдылық па дейміз. Қазақтың ұлттық тағамдарына кіретін құрт та көженің дәмін келтіріп, ерекшелендіреді. Кез келген тағамның дәмін тұз келтіреді. Наурызкөжеге де дәм беретін тұз жетінші тағам ретінде қосылады.Әлбетте, наурызкөжеге белгілі бір тағам түрін қосу керек деген арнайы нұсқау жоқ. Әркім қолындағы бар азық-түлігіне қарайды. Тіпті кейде көкөністер де, жемістер де қосатындар бар. Дәм саны жетеу болса болғаны. Осылай, Наурыз мерекесінде қазандар көжеге толып, ауыл тұрғындары бір-біріне қонақ болған. Бұрынырақта әйелдер өздерімен ыдыс ала жүрген. Әр үйден көже құйып алып, өз үйінің қазанындағы көжеге қосқан. Бұл дәм-тұзымыз араласып, ынтымақ-бірлігіміз нығайсын, көже секілді мидай араласып, көжедей дәмді қатынаста болайық, біріміздің ырысымыз бірімізге жұғысты болсын деген үлкен ұғымды білдірген. Көжені ыдысқа толтырып құйып береді, бұл - «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырзығы кем болады дейді.

4,5(44 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
almiradanil
almiradanil
25.09.2022

айгаки являются эндемиками только Монголии, Калмыцкой степи и Казахстана. В стране обитают отдельные группы сайгаков: Бетпакдала-Арысь, Устюрт и Волго-Урал. Размер тела самцов 126-150 см. 37 - 49 кг, а козы мельче, рост 109 - 127 см, вес. 22 - 37 кг. Сайгаки питаются более чем 80 видами растений. Их главный враг - волк, а на молодых детенышей нападают орлы, степные орлы и дрозды.Сайгаки являются коммерчески важными животными благодаря своему вкусному мясу, ценным рогам и копытам и красивой шкуре. В Казахстане в 1921 году Охота на сайгака запрещена. Пантокрин извлекается из его рогов, его копыта сжигаются, а пепел наносится на железо в организме, которое используется для лечения людей с диабетом.

4,7(70 оценок)
Ответ:
corbaov2018
corbaov2018
25.09.2022

Обширная казахстанская степь богата природными ресурсами и разнообразием растений. Одна из них - красота степи, тюльпан, символ весны. В нашей стране 32 вида тюльпанов. Его 12 видов являются эндемиками, т.е. тюльпаны растут только на казахстанской земле. Именно поэтому Казахстан называют «родиной тюльпанов». Споры ведутся по вопросу «Какая страна является родиной тюльпанов?» В мире есть много стран, которые собирают и выращивают семена тюльпанов. Но тюльпаны в Казахстане - это от природы чистые многолетние растения. Вот почему они ароматные и имеют особый запах вокруг себя. Их высота 30-35 см. Тюльпаны бывают разных цветов: красные, желтые, оранжевые, оранжевые и другие. Самые распространенные тюльпаны - красные и желтые. 18 видов тюльпанов, произрастающих в нашей стране, занесены в «Красную книгу». Поэтому тюльпаны нужно держать в поле зрения.

4,4(25 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ