СОЧ Компьютер дегеніміз не? Бұл – ақпарат және мәліметтермен жұмыс істейтін электронды құрылғы. Оның ақпаратты сақтап, өңдеп, алып, таратып және т.б. әрекеттер істеуге мүмкіндігі бар. Компьютердің түрлері мен типтері. Көптеген адам компьютер сөзін естігенде дербес компьютер немесе ноутбукты елестетеді. Алайда, түрлері мен мөлшерлері әртүрлі компьютерлер болады және олар күнделікті өмірде әртүрлі функцияларды атқарады. Үстел үстілік компьютерлер. Біз үстел үстілік компьютерлерді жұмыста, үйде, мектепте, кітапханада және т.б. жерлерде қолданамыз. Олар кішкентай, орташа, үлкен бола алады және әдетте үстел үстінде тұрады. Портативті компьютерлер. Компьютерлердің екінші типі – бұл ноутбуктер. Бұлардың артықшылығы, батареямен жұмыс істейтіндігінде және жинақы, оңтайлылығында, сондықтан оны кез келген жерде пайдалануға болады. Планшеттік компьютерлер. Планшеттік компьютерлер немесе жай ғана «планшет». Олар ноутбуктен де жинақы әрі оңтайлы. iPad — планшеттік компьютерге мысал бола алады. Планшет үстел үстілік компьютер немесе ноутбуктың орнын толық баса алмайды, өйткені бағдарламаларды ашуға және құжаттармен жұмыс істеуге ноутбук немесе үстел үстілік компьютер ыңғайлы. Компьютердің басқа да типтері. Біз компьютер деп қабылдай бермейтін, негізінде мамандандырылған компьютер болып келетін көптеген құрылғылар бар. Міне, бірнеше мысал:Ұялы телефондар: бүгінде олар бұрындары тек компьютерде ғана істеуге мүмкін болатын көптеген функцияларды ұсына алады, мысалы, ойын ойнау, фильмдер көру және т.б. Мұндай телефондарды смартфон деп атайды. Ойын приставкалары: видео ойындарды ойнатуға арналған компьютердің мамандандырылған түрі. Олар үстел үстілік компьютерлер сияқты көпфункционалды болмаса да, олардың көбі интернетте веб-парақша ашу сияқты тапсырмаларды орындай алады. Теледидарлар: көптеген теледидарлар бүгінде интернетке кіруге немесе фильмдерді онлайн көруге мүмкіндік беретін бағдарламалар мен қосымшалардан тұрады.
Менің әжем бар. Ол өте мейірімді жан. Мен кішкентай күнімнен әжемнің бауырында өстім. Ол мені адалдыққа, білімге құштар болуға үйретті. Әжем қазақ ауыз әдебиетінен көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Сол білгендерін маған күнде ұйықтар алдында айтып береді. Әжем менің күнде сабағымды тексереді. Сабақтан жақсы
Жоспары: 1. Алтын адам - сақ тайпаларына тиесілі жәдігер. 2. Алтын адамның безендірілуі туралы. 3. Алтын адам - тарихымыздың көзі, еліміздің баға жетпес қазынасы. "Алтын адам" - Алматы облысының маңындағы Есік қорғанынан табылған құнды дүние. Ғалымдардың пайымдауынша, "Алтын адам" - сақ тайпаларына тиесілі. Бұл Алтын адамның жасы -17 -18 шамасында. "Алтын адам" - Қазақстан Республикасының құнды жәдігері, қазына, баға жетпес асыл. Әрі ата - бабаларымыздың көзі ретінде қалған аманат деп білемін. Ежелгі тарихымызды танып-білуге бір қадам жақындағандай боламыз. Алтын адамның киіміндегі әшекейлер жайлы айтып өтетін болсам, алтын адам - 4000 - ға жуық әшекейлермен безерленген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін хайуанаттар нышанында жасалған. «Алтын адам» – бүгінде Қазақстанның азаттық символына айналды.Бас киім 150-ге жуық әшекей заттармен безендірілген. Биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70см шамасындағы бас киімі әшекейлердің орналасуына байланысты үш бөліктен тұрады: көк әлемі, жер әлемі және жер асты әлемі. Арқардың алтын статуэткасы бас киімнің ең ұшында орналасқан. Ол таудың мәңгілік қар-мұз басқан шың құздарын мекендеуші жануар тәңірге бір табан жақын, «кіршіксіз» деп есептелген. Әсемдікті көрсетіп тұрған жан-жағындағы төрт жебе, әлемнің төрт жағын бейнелейді. Олар сабы жіңішке алтын лентамен спираль сияқтандырып оралған және жоғары жағы жапырақ тәрізденіп, ортасы қуыс болып келген. Бұл бас киімдегі жебе тәрізді әшекейлер әлемнің төрт жағын бейнелейді. Ал құстың қанаттары жоғарғы билікті, жоғарғы әлемді білдіреді.Сақ жауынгерінің бас киімінің дәл ортасында таңғажайып қанатты тұлпарорналасқан. Жылқы – сыннан өткен дос, жолдас, соғыс қаруы, ата-бабалар дүниесімен қарым-қатынас құралы ретінде көрінеді. Сонымен қатар салтанатты рәсімдік, тәңірлік және аластаушы жануар қызметін атқарған. Қазақстанда "Алтын адам" - біреу ғана емес. Алғашқы "Алтын адамды" 1969-1970 жылдары экспедиция барысында Кемал Ақышев тапқан болатын. Екінші "Алтын адам" 1999 жылы Аралтөбе маңынан табылды. Жақында үшінші алтын адам - Қарқаралы маңынан табылған болатын. Бұл 3 ескерткіш - тарихымыздың, еңселі еліміздің құнды жәдігерлері. Әрі мақтанышымыз деп айтуға да болады!
Дереккөзі: https://www.zharar.com/tags/%D1%81%D0%BE%D1%87%D0%B8%D0%BD%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5+%D0%BD%D0%B0+%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%BC+%D1%8F%D0%B7%D1%8B%D0%BA%D0%B5+%D0%BF%D1%80%D0%BE+%D0%B1%D0%B0%D0%B1%D1%83%D1%88%D0%BA%D1%83/
© www.ZHARAR.com