М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
abdirovadajana
abdirovadajana
10.01.2021 01:47 •  Қазақ тiлi

(Найдите в тексте антонимы, синонимы данных слов.) 2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз. (Найдите в тексте антонимы, синонимы данных слов.)

көп (антоним) - [1]

дүние жүзіне (синоним) -

текст:

Қазір Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған. Әр спорттың түрінен әлемге танылған спортшылар аз емес. Қазақстан спорты жылдан жылға дамып келеді. Қазақстаннан 1996 жылы Атланта қаласында өткен олимпиадаға 94 спортшы қатысса, 2000 жылғы Сидней олимпиадасында 130 спортшы бақ сынады. 2004 жылғы Афины олимпиадасына 114 спортшы, 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында 129 спортшы додаға түсті. 2012 жылғы Лондон олимпиадасы аса сәтті болды, 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль алған қазақстандықтар 204 елдің арасынан 12-орынды еншіледі.

XXXI жазғы Олимпиада ойындары Бразилия мемлекетінде, Рио-де-Жанейро қаласында ұйымдастырылды. Бұл олимпиада 2016 жылдың 5 - 21 тамыз аралығында өткізілді. Бұл олимпиадаға 146 елдерден 5412 спортшылар қатысты. Спорттың 28 спорт түрінен 306 комплект медальдар берілді. Ойындар Рио - де – Жанейро қаласындағы «Маракана» атты спорт кешенінде өтті. Рио Олимпиадасына Қазақстаннан әлемдік бәсекеге 26 спорт түрінен 104 спортшы қатысып, бақ сынады. Қазақстандықтар барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) жеңіп алды.

Біз жүзуден - Дмитрий Баландин, боксшы - Данияр Елеусінов,Василий Левит; дзюдодан - Елдос Сметов; ауыр атлеттер – Жазира Жаппарқұл, Ниджат Раxимов және басқа да спортшыларымызбен мақтанамыз.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
arty181118
arty181118
10.01.2021
Мен мектептен соң, үйге барамын. Үй жұмысын жасаған соң мен теледидар көріп отырмын. Маған СТС телеарнасы ұнайды. Бұл телеарнада көп қызықты телебағдарламалар көрсетеді. Мен теледидарды 3 сағат көріп отырмын.Тағы да маған ТНТ телеарнасы ұнайды. ТНТда мен түрлі фильмдер және сериалдар көріп отырмын. Маған теледидар көріп отыру өте ұнайды.(после школы я иду домой. после того как я сделаю д/з я смотрю телевизор.мне нравится телеканал СТС. там показывают интересные телепередачи. я смотрю телевизор 3 часа. еще мне нравится телеканал ТНТ. На ТНТ я смотрю разные фильмы сериалы.мне нравится смотреть телевизор)   Написала первое, что пришло в голову)))
4,5(16 оценок)
Ответ:
Віка579
Віка579
10.01.2021
Ұлыстың Ұлы күні
Ұлыстың Ұлы күні – «Наурыз» мерекесімен байланысты концептуалды ұғымдардың бірі. Ұлыстың ұлы күні деген сөз орамындағы Ұлы күн, Жылдың бас күні. Ең абзал, ең мәртебелі болып ұғынылғандықтан қазақтар Ұлы күн деп атаған. Ал ұлыс сөзі жұрт, ел, халық білдіретін жиынтық ұғымның атауы. Ұлыс оң болсын дегендегі ұлыс осы аталған мағынаны білдіреді. Қысқасы, сөз бір-бірімен байланысып, тіркесіп барып «Наурыз» мейрамы дегенді білдіреді. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақта Наурыз деген кісі аты болған. Келін-кепшіктер атай алмай «Ұлыс күні» деп, Ұлыстың ұлы күні деп кеткен. «Ұлыс» - Түркінің ата-бабаларынан қалған ескі тіл. Біздің қазақта Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» - дейді.

Наурыздама тойы – «Наурыз» мерекесіне қатысты негізгі ұғымдардың бірі, наурыз көжеден басқа. Әдетте, ел ішіндегі аса бай, дәулетті адамдардың наурызды той қылып өткізуін наурыздама дейді. Наурыздама тойы бір аптаға созылып, сегізінші күні тойға келгендер тарай бастайды. Арқа еліндегі дәулетті Тәтидің наурыздама тойын өткізген деп, арғынның атақты биі Едігені жүз кісісімен күткендігі жөнінде Мәшһүр Жүсіп жазбаларында мынадай дерек бар: Сіз бір жақтан бір жаққа бара жатқан жолаушы емессіз, әдейін наурыздама қылдыра келдіңіз! Ұдайымен сегіз күн қылмаған соң, мұның қылуға не сәндігі бар?! – деп, сегіз күн күтіп, сыйлап, бір күнінен бір күнін асыра беріпті.

Тәти мырза алдырған түлкілерінің ішінде бір қара түлкісі бар, наурыздаманың үстінен келіп қалыпты. Қара түлкі алдырып келгеніне бір қуанып, «Наурыздама қылдырамын!» - деп, Едігенің келгеніне қуанып:

«Бұл наурыздама Баяудікі болды. Мен ұрғашы наурыздамасына ортақтаспаймын!» - деп, басы Едігенің өзіне түйе бастатқан тоғыз, онан кейінгісіне: біріне ат, жүз кісіден бір кісіні құр қойған жоқ. Ең аяқ атшыларға бір-бір матадан үлестіріп: - Міне, менің наурызым! – деп, сый қылыпты.

Міне, сондай жақсы күнде тасып кетіп алған дуа ұрпағынан Шорман шығып, Мұса шығып, байлық, беклік таласа қоса шығып, жалпақ Сүйіндікке құт ауыл, ұйытқы ауыл болып тұр. Бұл күндегі пәленшекем, түгеншекемнің пейіліне қарағанда, тағалы торы тай ұстап тұра алмайтұғын пейіл бар. Атасына, бабасына тиген осы екен. Оңған, ілгері басқан біреуді: «Шіркін атасына, бабасына дуа тиген тұқым ғой!» - дейді.

Халықтың Наурыз мейрамындағы салт-ғұрыптардың бір алуаны табиғатпен «тіл табысу», оны қасиеттеу мағыынасында болса, енді бір алуаны адамдар арасындағы этикалық-моральдық қатынастарды реттеу, нормаларын нығайту, жолға қою мақсатына бағытталады. Жүректе // көңілде өткен күннен дақ, реніш, өкпе-қалдықтың қалмауы, бұларды дер кезінде жүректен // көңілден кетірмесе, аяғы араздыққа, дау-жанжалға, қатыгездік пен қастандыққа апарып соқтырады. Сондықтан Наурыз мейрамында кешірім сұрау, кешіру тәрізді адамгершілік акциясы өткізілген. Мұның өзі жүректі таза ұстау, кір шалырмаудың халық ұғымында соншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы. РПК «СЛОН», 2013. 4-том. 489-490-бет.

12 Наурыз 2015 ж.
4,5(1 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ