«Білім беру саласындағы инновация туралы ойым» тақырыбына диалог құрастыру.
Еркежан: Анашым, бос уақытыңыз бар ма?
Анасы: Әрине, жаным. Айта бер.
Еркежан: Үй тапсырмасын орындауға сіздің көмегіңізқажет болып тұр.
Анасы: Иә, қандай тапсырма? Сұрай ғой.
Еркежан: «Білім беру саласындағы инновация» жайлы мәлімет айтып берсеңіз, қанша дегенмен сіз жоғары оқу орнында жұмыс істейсіз ғой.
Анасы: Алдымен, «Инновация деген не?» сұрағына жауап беріп көрейін. «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу, жаңашылдық» деген ұғымды білдіреді.
Еркежан: Сонда өз сөзімізбен айтсақ, білім беру саласындағы жаңашылдық десек бола ма?
Анасы: Әрине, жаным. Осылай да дұрыс болады. Жалпы, бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген мағынаны білдіреді.
Еркежан: Керемет, сонда біздің елімізде білім саласында қандай жаңалықтар бар, осыны айта кетсеңіз?
Анасы: Модульдік оқыту; блок-модульдік оқыту; компьютерлік технология; мультимедиа технологиясы; қашықтықтан оқыту технологиясы; желілік технология;интернет технология; интерактивтік технология деп аталатын түрлерін Білім берудегі инновациялық технологиялар тобына жатқызамыз.
Еркежан: Атаулары таныс. Мектептегі мұғалімдеріміз осы аталған инновациялық технологияларды қолданады.
Анасы: Бұл технологиялар оқу үрдісін тиімді етуге көмектеседі. Саған қай технология көбірек ұнайды?
Еркежан: Маған, әрине, интерактивтік, интернет және мультимедиа технологиялары аса қатты ұнайды. Себебі бұлар заман талабына сай келеді деп есептеймін, әрі оқу процесі де қызықты өтіп, өз бетімізбен көп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Анашым, көмегіңізге көп рахмет!
Анасы: Оқасы жоқ, құлыным.
1. Тігін жұмыстары кезінде ылғалды - жылумен матаны тегістеу, тігістерді жатқызу, бөлшектерді созу және отырғызу, желімдеу, форма беру үшін үтік өте қажет.
2. Әдетте зат белгісін киім –кешектін ішкі жағынан табуға болады. Онда затты қалай күту керектігі жайлы барлық мәліметтер жазылады.
3. Үтіктеуде шартты белгілерді білу қажет деп ойлаймын, себебі мата әр түрлі болады, соған байланысты тым ыстық температурамен үтіктелетін киімдер немесе жай ғана жылы үтікпен үтіктелетін киімдер болады. Міне, осындай жұқа киімдерді құртып алмау үшін үтіктеудің шартты белгілерін білген дұрыс.