Шығарма
Мұхтар Әуезов - қоғам қайраткері.
Мұхтар Әуезов - шақар шабытты
және бақытты жазушы.
Николай Тихонов.
Жалпақ жұртқа ұлы Абайды,кең байтақ қазақ жері мен құшағы ашық қазақ халқын танытқан "Абай жолы" болса,бұл роман-эпопеяны жарыққа шығарған Мұхтар Омарханұлы Әуезов болды.Мұхтар Әуезов – қажымас қайрат,үлкен дарын,шалқар шабыт,терең сезім иесі,гуманист жазушы.Жазушының проза, драма, ғылым, аударма саласында жазып қалдырған еңбектері – қазақ халқы әдебиетінің басты қазынасы.
Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде дүние есігін ашқан бала Мұхтар алғашында арабша хат танып,өмірін ілім мен білімге,қазақ елінің бұлыңғыр болашағына арнаған еді.Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді.Мұхтар Әуезовтің халық ағарту туралы ойларының өмір жолының әр кезеңінде көрініс беріп отырады. Әуезов ғылыми-педагогикалық, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде өмір бойы халық ағарту, оқу ісі, ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне жете көңіл бөліп, бұл туралы көптеген мақалалары мен жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде айтқан.
Кезінде «Алашорда» үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған «Жас азамат» атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға атсалысады.Бұл жолда ол көрнекті Жүсіпбек Аймауытовпен тоғысқан еді.20 ғасырға дейін қазақтың халық әдебиетінде драматургияға өзек болатын мол қазына жиналды. Осы байлықты игерген қаламгер - Әуезов Ол халық әдебиетінен нәр алды. Әрине қазақтың көшпелі өмірі, қаланың болмауы драматургияның дамуына кедергі жасады. Қазақ тұрмысындағы сауық түрлері, қыз ұзату салтанаты, алтыбақан ойындары тұңғыш драмаға енгізілді. Әуезов көп ұлтты театрда істеген. Осы тәжірибе оған сахна сырын жете үйретті.
Оның жан жақтылығы соншалық,халық оны қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі,филология ғылымдарының докторы,профессор,Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері,ең бастысы ел адамы ретінде таныды.Мамыражай уақытта дүниеге келмесе де Мұхтар Әуезов еш қажымады.Қазақ әдебиеті асыл қорына мол мұрасын қалдырып қана қоймай,елдің мұң-зарымен етене жақын болды.Сондықтан да ол қазақ елі тарихында есімі ешқашан да өшпейтін,мұралары өлмейтін дара тұлғалардың бірі.
Алып қорғанның құлағанын көрдім,
Небары алты жасымда,
Алып тұлғалар жылағанын көрдім,
Бастарын сүйеп ғасырға.
Алып таулардың шайқалғанын көрдім,
Алты жасымда соны ұқтым:
Алып сөздерді айта алғанын көрдім,
Ат төбеліндей халықтың.
Алып кітаптар торыққанын көрдім,
Сол сәтте-ақ одан безінгем,
Алып ойлардың қорыққанын көрдім,
Ең бір нәзік сезімнен.
Алып сағаттар тоқтағанын көрдім,
Өлшенді уақыт жаңадан,
Алып жүректер ақталарын көрдім,
Алты-ақ жасар баладан.
Алып құрлықтар теңселгенін көрдім,
Темір бұғаулар тозғасын,
Алып заңдардың кемсеңдеуін көрдім –
Империяның көз жасын!
Алып мұхиттар толқығанын көрдім,
Бір тамшы суға байланып,
Алып тәждердің балқығанын көрдім,
Елтаңбаларға айналып.
Алып мүсіндер қирағанын көрдім,
Сұлаған жаудай жебеден,
Алып саналар жиналарын көрдім,
Тұрғызу үшін жаңа әлем!
Құрыштардың да шірігенін көрдім,
Сен боса, болат, тас егіл!
Темір шымылдық түрілерін көрдім,
Сахнаға шықты жас өмір!
Алты жасымда!
Жылаған жоқпын,
сұраған жоқпын анамнан,
Сол күні жаңа әнұран айтып оралған,
Сол түні неге ұйықтамай маған бір аңыз айтып шыққанын
Ұл жайлы Күннен жаралған.
Түсінбесем де тыңдаймын,
Онсыз да оны жесірлік салған жасытқан еді мұң-қайғы...
Көзінің жасы сөйлеген түнді ұқпасам да,
Аңыз ұнаған
Жаралған Күннен Ұл жайлы!
Деген де шығар «бодандық жайлы білмесін»:
Сен түсін, дәуір, сонау бір қанды жыл кешір!
Тарихтан дәріс оқитын менің анашым орта мектепте
Ұлына бірақ айтпапты кісен, құлдық пен түрме бүргесін.
Ерлікті айтқан, үйретпеді ол ездікті,
Ұстатқан қалам, ұстатпады ол кездікті,
«Құлыным, сенің тарихың басқа» деген тек,
Ол, бəлкім, менен Сөз күтті!
Ал бүгін, енді,
Тарихты өзім білемін,
Жолдарды сезем жонарқамменен мыңжылдар өткен ұлы елім.
Ұлылық жайлы ойлайды басқа,
Жап-жас шақ
Ұлы қорғандардың күйреуін көрген жүрегім –
Алты-ақ жасында ақырын көрген алыптың!
...Тәуелсіздік ше?
Ол – менің тегім,
ұлдарыма оны дарыттым.
Тәуелсіздік – мен,
ол – менің асқақ аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн!