4-тапсырма. Малаланың пікірлерін жұп болып талқылай отырып, оларды құрмалас сөйлемге айналдырыңдар. (Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге қалай
айналдырады?)
• Мен Талибанға кек сақтамаймын. Мен содырлардың балалары
білім алса екен деймін.
• Біз өз үніміздің салмағын үнсіз қалған кезде ғана сезінеміз.
• Пәкістанның басындағы барлық шешілмеген мәселенің түп
себебі - надандық. Соның кесірінен саясаткерлер халықты алдап,
қайта-қайта сайланып жатыр.
• Экстремистер кітап пен қаламнан қорқады, білімнің күші
оларды сескендіреді. Кітап пен қалам лаңкестікті жеңетін алапат
күш.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен байланысады :
а) Интонация арқылы іргелесе байланысады :
Байжанның оны көруі біріншірет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша , сарғылы өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен.
Мұнда бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғағы көтеріңкі айтылып, кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де , екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі ойды білдіруге дәлекер болып тұрады.
ә) Жалғаулық шылаулар (септеулік ) арқылы байланысады: Құланбай күзеуден ерет қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді .
б) Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндаушы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, құрмаласа байланысады. Мысалы: Құрымбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен.
Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді:
1. Салалас құрмалас .
2. Сабақтас құрмалас.
3. Аралас құрмалас.