Төменде берілген тұрақты сөз тіркестерін мағыналық сәйкестігін тауып, көшіріп жазыңдар.
1Қан кешті
2Мойнына артты
3Төбе көрсетті
4Аузынан дүр шашты
5бата алмады
6бетінен басты
7ғилман болды
8душар болды
9еркі кетті
10жағы құрысты
11зарп ұрды
12көзі түсті
А бір келіп көрініп қайтты
Ә батылы бармады
Б жанын құрбан кылды
В ықтиярынан айырылды
Г теуіп тастады.
Ғ сөз айтты, сөйледі
д кескілесіп соғысты
E үні өшті
Ж ұялды, қысылды
И назары ауды
К кезіге кетті
З мәжбүр етті
К кезіге кетті
Бокс туралы.
Былтырғы жылы қазақ боксына сексен бес жыл толды.
Қазіргі таңда бокс еліміздегі ең танымал спорт түріне айналды. Бүгінде жастармен қатар аға буын өкілдері де халықаралық ареналарда бақ сынасып жүрген қазақ былғары қолғап шеберлеріне жанкүйерлік танытып, әрбір кездесулерін асыға күтіп, үзбей көріп отырады. Отандастарымыз халықаралық деңгейде түрлі спорт додаларының жеңімпазы атанып, көк туымызды желбіретіп, намысты қолдан бермей, Қазақстанның атын әлемге танытып жүр. Жерлестеріміз жазғы олимпиада ойындарынан алтынсыз қайтқан емес. Тіпті әлемде «қазақ боксы» деген мектеп қалыптасып, өте жоғары деңгейде дамып келеді.
Жалпы бокс елімізде қарқынды дамып келеді. Бұған дәлел ретінде жасөспірімдер мен жас боксшыларымыздың халықаралық деңгейде ғана емес, сонымен қатар кәсіби деңгейде үлкен жетістіктерге жетуі. Алдыңғы қатар аға буынның лайықты ізбасарлар қатары өсіп келеді. Қазақ бокс мектебінің өзіндік тарихы мен ерекшелігі бар.
Қазан айының соңғы жексенбісі қазақ боксының мерекесі саналады. Тарихы бай спорт түрінің мерекесі елімізде жыл сайын аталып өтіледі.