Алаш баласының сабақ алатын, сабақ болғанда да ащы сабақ болатын тұстары аз емес, – дейді тарих ғылымдарының докторы Қадіржан Әбуев, – оның барлығы өткен тарихымызда тұнып тұр. Біз кешегі Кеңес заманында еріксіз тілімізді тістеп, бұл тақырыпты ашып айта алмай келдік. Сондықтан көптеген жастар бейхабар болып өсті. Рас, саяси қуғын-сүргінді көрген көнекөз қариялардың сыбырлап айтқан сырынан сыр ұққандар да аз емес. Қазақтың басына төнген қасірет «жығылғанға жұдырық» дегендей бірнеше рет қайталанып келіп отырды. Нәубеттің алғашқы жан түршіктірер зобалаңы 1921-1922 жылдары орын алғанын білеміз. Ал 1930-1931 жылдары кейбір деректерге қарағанда бір миллионнан астам адам алапат аштықтан қырылған. Бұл жайлы тарихи деректерді Омбының, Санкт-Петербургтің мұрағаттарынан кездестіруге болады.
Қыз − өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген.
Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева "Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек" деген пікір айтқан. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық. Қазақ қызының бойындағы асыл қасиеттерімен бірге сыр-сымбаты да өзге ұлттан дараланып тұруы тиіс.
Объяснение:
не за что ;))Можешь на меня подписаться и назначить лучшим или проверенным ответом?:))