П
Объяснение:Қазақстанда өте əдемі жерлер көп.Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы қорық Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Ақсу-Жабағылы қорығы Батыс Тянь-Шань тауының 850 шаршы метр аумағын алып жатыр. Қорықта өсімдіктердің 1279 түрі кездеседі, оның 57 түрі Қызыл Кітапқа енген. Сүтқоректі жануарлардың 51 түрі мекен етеді. Алматы қаласынан 300 шақырым қашықтықта Күнгей-Алатау баурайында Көлсай мекені орналасқан. Бұл аймақта үш көл бар: Көлсай-1, Көлсай-2, Көлсай-3.Көл суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты тартымды. Қайыңды көлінің жағалауында киіз үйлер тігілген ауыл бар. Бұл аймаққа бірнеше күнге келген жандар тау суына шомылып, саумалыдан дәм татса болады.
Казахстаның шипажайларының бірінде дәрігер Лавров қызмет етеді. Ақ халатты абзал жаннан ем қабылдаған кез келген азамат оның адамгершілігі мен өз ісінің шебері екенін мәңгілік жадында сақтайды. Дәрігер Лавровтың алпыс жылдық мерейтойының қарсаңында мәдениет қызметкері Бибігүл мен шипажай басшысының хатшысы Ксения Павловна концерттік кеш ұйымдастыруға дайындалады. Бірақ, шипажай басшысы Филькин кешті ұйымдастыру үшін кететін шығынмен келіспей, қаражат беруден бас тартады. Сонда Бибігүл жанына шипажайға демалуға келген суретші Мұрат пен оның әнші досы Тәкенді ертіп, әншілерді кешке қатысуға шақырады. Алайда, әншілер дәл сол кеште басқа жаққа барулары керектігін айтып, шақыруды қабылдамайды. Амалдары таусылған Бибігүл, Тәкен және Мұрат шипажайға келгенде, шақырған қонақтарын көріп, аң-таң болады. Барлық өнерпаздар қандай кешке баратындарын айтпаған соң, ұйымдастырушылар мен кеш қонақтары бір-бірлерін дұрыс түсінбеген екен