М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
svetabruhan
svetabruhan
15.04.2021 05:26 •  Қазақ тiлi

ЗАДАНИЕ №5 ТЕКСТ ЗАДАНИЯ
«Қазақстан – бейбітшілік мекені» тақырыбында шағын мәтін құрастыр және есімдіктердің 3 түрін (жіктеу, сілдеу, сұрау) қолданып жаз.

👇
Ответ:

Қазақстан бейбітшілік мекені

Кез келген азамат үшін "бейбітшілік" сөзінің құны жоғары. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз. Бейбітшілік деген – адамзаттың өз елінде еркін өмір сүріп, шуы жоқ ортада өз болашағын құруы. Бейбіт заман барлық елдің басына қонатын бақ құсы емес. Әлемде таңының тыныш атып, күнінің тыныш батқанын армандайтын талай адамзат өмір сүріп жатыр. Сіз де, біз де бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз. Осы бейбіт заманның ғұмырының баянды болғанын тіледік. Әрбір жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, олардың өнегелі істерін оқып біліп, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді ұғынып, туған өлкеміздің тау-тасын, өзен-көлін, қазба байлығын өзімдікі деп сезініп, оны қорғай да білетіндей болу керек.

Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Ұлтымыздың мақтанышы Қ.И.Сәтбаевтан шетелдіктер: қазақ деген халық сіз сияқты сымбатты да, ірі ме?дегенде, Қ.И.Сәтбаев:»халқым менен де биік, менен де сымбатты»-деген екен ендеше сол ағаларымыздай Ұлтжанды, білімді ұрпақ бола білейік. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дегендей, баршамыз бір шаңы­рақ иесіндей жұдырықша жұмылар болсақ, бейбітшілікті әлемге ­талай паш етеріміз белгілі. Бүгінгі еліміздің бейбітшілігі – біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі.

Объяснение:

Примерно так

4,7(31 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
liza1329
liza1329
15.04.2021
Мен екі ақпанның тудым. Биыл мен в өзінің туған күнініңерте ояндым, себебі взволнована болды. Қашан мен тұр-,әке-шеше құттықта- мен мен туған күн және подарилишашу. Олар маған менің сүйікті фильмімменбейнетаспаны және әдемі свитер подарили. Мен өтерада шашуларға болдым.

Кейін мен маме дайында- салаттар және дастарқан жаса-көмектестім. Төрт сағатта мен киіндім және причесалась.Кездестіру уақыт қонақтар жолады.

Олар барлық менің ша уақиғаға менің туған күнімніңвечеринку деген кел- достарымның болған. Вечеринкатолығымен сәтті болді. Біз биледік, бөлек-бөлекойындарға деген ойнады, әзілдеді, қарамастан және,әрине, же- мамой қайнаулы дәмді табақтарды. Барлықайтты, не оларға бол- өте көңілді.

Кейін вечеринки біз погулять шықтық. Сол бір из алдытуған күндердің менде болды
4,8(9 оценок)
Ответ:
dgfdgrrfd
dgfdgrrfd
15.04.2021
Ақтау қаласының өмірге келу тарихы туралыАқтау қаласының өмірге келу тарихы XX ғасырдың 40 жылдарының аяғы, 50-жылдарының басында екінші дүние жүзілік соғыстағы одақтас елдер – КСРО мен Америка Құрама Штаттары жанталаса атом қаруымен қарулана бастаған қырғи-қабақ соғыс дәуіріндегі саяси жағдаймен тығыз байланысты.Қысқа мерзім ішінде КСРО-ның сенімді ядролық қорғанысын құру мәселесі уран рудасына деген қажеттілікті алға тартты.1942 жылдың 28 қыркүйегінде КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің «Уран өндіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы» қаулысы қабылданып, КСРО Ғылым Академиясы жанынан атом ядросының арнайы зертханасын ашу міндеттелді, барлық геологиялық ұйымдар радиоактивті рудаларды іздеуге жұмылдырылды.КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитеті 1944 жылдың 8 сәуіріндегі қаулысымен КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі жанындағы геология мәселелері жөніндегі Комитеттің алдына Орта Азия, Казақстан, Батыс және Шығыс Сібір аймақтарынан уран кен-орындарын іздеуді ұйымдастыру міндетін қойды. Осы жылдың мамырында министрліктер мен ведомстволардың геологиялық басқармаларында арнайы топтар, партиялар мен отрядтар құрылып, алдымен тау жыныстарының, кендерінің коллекцияларына тексеру жұмыстары басталады.1945 жылдан бастап атом энергиясын игеру кең ауқымда жүргізіле бастаса да, елді табиғи уранмен қамтамасыз ету шешілмеген мәселенің бірі болып қала берді. И. В. Курчатовпен қатар кеңестік атом жобасының басты жетекшілерінің бірі ретінде КСРО орта машина жасау министрі Е. П. Славский «… алғашқы реакторға елде бар уран кенінің қоры түгелге жуық салынды. Реактордың әрі қарай жұмыс жасауы үшін қажетті уран тапшы еді…»,- деп еске алады. Осы уақытқа қарай КСРО-да бірнеше радиоактивті кен орындары белгілі бола тұра, олардың бәрі уран қорының аздығына байланысты атом өнеркәсібінің шикізаттық негізі бола алмады. Осындай жағдайда КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі 1945 жылдың қазан айында радиоактивті шикізатты іздеу, барлау мақсатында өндірісті шоғырландыру және мамандандыру туралы қаулы қабылдап, барлық күшті атом өнеркәсібін аяққа тұрғызу үшін шикізатпен қамтамасыз етуге жұмылдыруға шақырды. Осы қаулымен мемлекеттік геология комитетінің құрамында алғашқы Бас геологиялық барлау басқармасы құрылып, 1946 жылдың сәуіріне қарай бүкіл ел территориясында геологиялық барлау, тексеру жұмыстарын жүзеге асыратын 270 арнайы далалық геологиялық партияларды құру жоспарланды.«Уран» стратегиясы 1946-1947 жж. алғашқы нәтижесін бере бастады: уран кен орындары орналасқан бірнеше жаңа аудандар анықталды.Алғашқылардың бірі болып, 1950-жылдары Маңғышлақта Меловое мүйісінде бірнеше жаңа уран кен орындары ашылды, оларды ашушылар қатарында – Л. Н. Скосырев, Н. М. Шармин, Ю. Н. Тереховтар болды.Е.П.Славский «…уран рудасы мұнда аса бай болмаса да, кешенді. Уранды осы жерден байыту оған деген аса мұқтаждықтан ғана туындады. Бұл – шөл далада жаңа қала салудың алғы шарты болды…»,- деп бірнеше жылдар өткен соң ғана қаланың салыну тарихының бір құпиясын ашады.
«…Жеті жылдықтың кейінгі екі жылында біз химия өнеркәсібінің дамуына баса назар аударуымыз қажет, және тек қана минералды тыңайтқыштар өндірісі саласы ғана емес, сонымен қатар синтетикалық материалдар, талшықтар, синтети-калық тері, техника үшін және тұрмыс қажеттіліктері үшін пластмасса өндіру жолға қойылуы тиіс. Химия өнеркәсібі адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін үлкен мүмкіндіктер ашады …»,- деп атап көрсетеді Н. С. Хрущев.Химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі бағдарламаның жүзеге асырылуы –мемлекеттік маңызды іс болды, ал Қазақстан – химия өндірісін, соның ішінде фосфорит кен орындарын дамытуға үлкен мүмкіншіліктер ашқан республика болып табылды. Соның ішінде, Маңғышлақ өлкесі пайдалы қазбалардың байлығы мен кешенділігі жөнінен таулы Алтай, Орталық Қазақстан тәрізді геологиялық аудандармен иық тірестіретін бірегей аудан еді.
4,8(20 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ