М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
literaturas
literaturas
16.07.2021 05:47 •  Қазақ тiлi

Қазақ Ұлттық Ғылым академиясы СОР Қазақ Ұлттық Ғылым академиясы 1938 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық бөлімі ашылып, ол 1946 жылы Қазақ КСР-інің Ғылым академиясы болып қайта құрылды. 1990 жылға қарай академия жанында 50- ден астам ғылыми-зерттеу институты болып, оларда ғылымның барлық бағыттары бойынша 10 мыңнан аса ғылыми қызметкер жұмыс істеді. Академияның тұңғыш президенті көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, танымал ғалым, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев болды. Қазақстан ғылымының ондаған жылдар ішіндегі даму жолында республика ғалымдары әлемдік маңызы бар жаңалықтар ашты. Қ.И. Сәтбаев, М.О. Әуезов, Д.А. Қонаев, Ә. Х. Марғұлан, Ш.Е. Есенов, М.А. Айтхожин, Ө.М. Сұлтанғазин, Ө.А. Жолдасбеков, М.Қ. Қозыбаев, М. Жұрынов, А.Қ. Қошанов және басқалары Қазақстан Ғылым академиясының мақтанышына айналды. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясында 43 ғылыми мекеме, олардың ішінде 38 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді. Ғарыш, ядролық физика, жоғары энергия физикасы, информатика, радиоэлектроника, гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар, тарих пен этнология, әдебиет теориясы салаларында күрделі зерттеулер жүргізілді. Құрамына ғылыми-зерттеу мекемелері, тәжірибе стансалары мен шаруашылықтар енген Ауылшаруашылық ғылымдары академиясы табысты еңбек етті. (Балаларға арналған «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» энциклопедиясынан)
№1-тапсырма. Мәтінде көтерілген мәселені анықтауға көмектесетін 3 сұрақтар дайында.
1.
2.
3.

№2-тапсырма. Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеп, жинақы мәтін жазыңдар.

👇
Ответ:
nastyapetrova011
nastyapetrova011
16.07.2021

1  Мәтін бойынша мәселені анықтауға көмектесетін    3 сұрақтар дайында.

1. Қазақ Ұлттық Ғылым академиясынның Қазақстандық бөлімі қашан ашылды ?

2.Академияның мақтаныштары кімдер ?

3.Ауылшаруашылық ғылымдар академиясы табысына жету үшін кандай еңбек етті?

 2  Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (1993-1996, 1999-2003) — ҚР Президентінің 1993 ж. 21 қаңтардағы Жарлығымен [1] Қазақ КСР ғылым академиясы қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды [2]. ҚР Президентінің 2001 ж. 6 қарашадағы Өкімімен [3] ҚР Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын фундаментальды ғылыми зерттеулер бағдарламалары шеңберінде орындалатын жұмыстарын сараптау функциялары жүктелді. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы қаулысымен [4] "ҚР Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы бекітілді.

Объяснение:

4,7(10 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Unik2002
Unik2002
16.07.2021

28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы Алматының Медеу ауданында Қазыбек би, Зенков, Гоголь және Қонаев көшелерімен шектелген 18 гектар аумақта орналасқан.

28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы қаланың ең алғашқы саябағы, оның іргесі XIX ғасырдың соңында, Алматы әлі Верный деп аталатын кезде қаланған.

Ресми атау 1942 жылдың 5-мамырында Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуге бет алған фашист танкілерін тоқтатқан Панфилов диви­зиясы мен алматылық батыр­лардың құрметіне берілді. Олардың құрметіне және екінші дүниежүзілік соғыс қаһармандарын есте сақтау үшін саябақта Мәңгілік алау жанып тұр.

«Мәңгілік алау» – соғыс құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында тоқтаусыз лаулап тұратын от. «Мәңгілік алау» соғыс символдарына жататын болған соң, жыл сайын халық алау маңына гүл шоқтарын қояды.

Панфиловшылар саябағы

Жалпы саябақ атауы бірне­ше рет өзгертілген. Сая­бақ Верный қаласының құрылысы жылдарында қорымдар (1921 жылы бол­ған селден қорымдар жойыл­ған) орнына салынған. 1887 жылдың 28-мамырында бол­ған жер сілкінісі кезінде қа­за тапқандардың бауырлас бейіті де жоғалған. 1899 жылы А.С.Пушкиннің 100 жасқа толуына орай сая­бақ «Пушкин саябағы» атауы­на ие болды. Саябақ көріктендіріліп, мамыр гүл­дері отырғызылды, күр­келер мен отыратын орындар тұр­ғы­зылды. Шығыс бөлігі – Шіркеу алаңында (немесе Гефсиман бағы) Түркістан Шір­кеуі, архиериялық шіркеу мен епархиялық үй (кеңестер кезінде «Алматы» кинотеатры) салынды.

Панфиловшылар саябағы

Бүгінде саябақтың шығыс бөлігінде Ықылас атындағы халық аспаптарының мұра­жайы, Әскерлер үйі, Интернационалист жауынгерлер ескерткіші және Мәңгілік алауы бар Даңқ мемориалы орналасқан. Мемориалды кешеннің ашылуы 1975 жылдың 8-мамырында өтті. Ол Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату үшін атсалысқан жас­тар құрметіне жасалған «Ант» горельефінен тұрады. Орталық бөлігі «Ерлік» триптихасы Мәскеуді қорғаған батыр панфиловшылардың бейнесін суреттейді. Оң жағында «Даңқ таратушылар» композициясы. Ол салтанатты өмір гимнінің белгісі. Мәңгілік алау жанында батыр қалалардан әкелінген топырағы бар лабрадориттен жасалған кубтар орналасқан. Демалыс және мереке күндері паркте адам ерекше көп болады. Олар Отан үшін қаза болғандарды еске алып, гүл шоғырларын алып келеді.

Саябақты толықтай ке­сіп өтетін естелік саяжо­лы­ның бойында 28 батыр пан­фи­ловшылардың аттары ойы­лып жазылған тастан қа­шалған бағаналар мен Кеңес Одағының Батырла­ры, И.В.Панфилов және Бауыржан Момышұлының ес­керткіштері бар. Даңқ мемориалының батысында Қазақстан еге­мендігінің алғашқы жылдарында елімізге келген мемлекет басшыларымен егілген Тянь-Шань шыршалары отыр­ғызылған Президент саяжолы бар.

4,6(36 оценок)
Ответ:
Krasotcakotik

4,7(49 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ