М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
akopovalizaveta
akopovalizaveta
18.04.2022 11:46 •  Қазақ тiлi

Аймағымыздың экологиялық проблемалары эссе​

👇
Ответ:
1234234421
1234234421
18.04.2022

Экологиялық проблема — адамның табиғатқа және керісінше табиғаттың адамға тигізетін қолайсыз әсерлеріне байланысты туындайтын кез келген құбылыс.[1]

Арал теңізінің проблемасы

Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау. Табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологы Риклерс: Табиғатқа келтірілген нұсқанды түзетудің ешқандай көпе – көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығы автомашиналардан шыатын түтін қала іргесінің шексі кеңеюісияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс. Адамға табиғат экономикасы - ауыл, елді пунктер, село, қала тұрғындарымен жер жүзінің халықтарының қарым – қатынастарын, сандық және сапалық құрылымын зерттеу және реттеу, көпшілікке үздіксіз экология саласынан білім мен тәрбие беру жұмыстарын зерттейді. Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жер бетіне. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардын ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады. Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу а ң алдында тұрған үлкен мәселе. Ауаны әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте – бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратын анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000 – 2500 м биіктік көлемінде газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл түтін басып тұрады. Осындай көрініс біздің қалаға тән құбылыс.

Осындай құбылыстардын қала ішіне күн сәулесінің ультра күлгін сәулесі жетпейді. Сондықтан қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарайтын микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері, өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады. Атмосфераның түтін және газ қосындыларымен ластануы адам денсаулығына зиянды құбылыстар туғызады. Бұл құбылыс әсіресе метеорологиялық жағдайдың әсерінен ауа сирек алмасатын қалаларда жиі кздеседі оны смог деп атайды. Ағылшын сөзі – тұман деген мағына береді. Фотохимиялық тұман өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне, сондай – ақ а өте үлкен зиян келтіруде. Осы жағдайларға сәйкес шет елдің мемлекеттерінде және біздің республикамызда атмосфералық ауаны қорғау мақсатында автомобильдердің қозғаушы күшін жетілдіру, нейтрализаторлар орнату, газбен электр қуатымен жүретін электромобильдерді шығару мәселесі туып отыр. Ауаның жер бетіндегі қабатын автомобиль және өнеркәсіп газдары мен түтіннен тұратын қалың тұман басады. Күн сәулесі жиналған газдарды ыдыратып улы қоспалар түзеді. Ол кезде адамдардың көзі ауырады, өкпесін улы газ толтырады, үздіксіз жөтеліп, тынысы тарылады. Бұл орасан үлкен күйзеліске ұшыратады, жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін алып кетеді. Ядролық жарылыстың зәрлі сәукелелері бірде – бір сауатты және саналы адамды тыныш қалдыру емес. Семей атом полигонінде болған оқиға былай сипатталады. Атом бомбасын жару үшін жергілікті халықты көшіріп, сынақ өткенше бір жеті халықты басқа жерде ұстаған. Ал ауылда үлкенді – кішілі 54 адам қалған, олар атом бомбасы жарылған жаққа қарап қара түтіннің ішінен қызылды – жасылды оттарды көріп тамашалаған. Сол адамдардан күні бүгін біреуі де қалмай барлығы өліп қалған. Қазіргі кезеңде адамның экологиялық ортасы - қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Қала ортасы адамның басты санасы – оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық – түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттық қалдықтарымен ластануы.

4,5(90 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
nyutadavdova200
nyutadavdova200
18.04.2022

Астана оқушылар сарайы.

Еліміз бойынша ғана емес, әлем бойынша да баламасы жоқ ерекше ғимарат – Оқушылар ¬сарайы. Ішкі қондырғылары заманауи техникалармен жабдықталып, сырты қазақи нақышта әрленген бұл нысанның кескіні мен келбеті тым ерекше. Бұл көркем, төрт қабатты, көз тартарлық архитектура туындысы шамамен сегіз жарым гектар жерді алып жатыр. Нысанның төбесінде шаңырақ орналасқан. Шеңбердің биіктігі – 8 метр, ал диаметрі – 156 метр. Алып, әсем, сұлбасы ерекше бұл ғимарат арнайы Елбасы тапсырмасы бойынша салынған.  

2011 жылы бой көтерген ғимараттың жалпы ауданы – 61274,6 шаршы метр. Төрт қабаттан тұратын нысандағы бөлмелер саны – 842. Ғимаратқа кіріп келген адамның көзі бірден үздіксіз айналып тұратын алып конструкцияға түседі. Бұл бір жағынан секциялар бағытының жан-жақтылығын көрсететін сарай эмблемасы болса, екінші жағынан әр баланың арманы іспетті. Тоқтамайды. Үнемі қозғалыс үстінде. Балалардың арман баспалдағы осы жерден бастау алады. Ертеңіне ерінбей қарайтын талапты жастың жігерін жануды құдды осы арадан бастап кеп жібергендей. Қиялын қияға ұшырып, қанаттанудың қадамы.

Бүгінде Оқушылар сарайы қаладағы қосымша білім беретін ең ірі ұйым болып табылады. Ондағы үйірмелердің 60 пайызы тегін жүргізіледі. Әртүрлі әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары көбіне мұнда тегін сабақтарға қатысуға мүмкіндік алады. Мұндай сабақтардың қатарында техникалық сабақтар, робототехника, жеңіл атлетика болса, басқа секциялар ақылы жүргізіледі. Олардың бағасы айына 2500-ден 7000 теңгеге дейін өзгеріп отырады.

Сондай-ақ, мұнда заманауи технологиямен жабдықталған таңғаларлық зертханалар өте көп. Оқушылардың санасын серпілту үшін түрлі қызықты ойындар да өткізіп тұрады. Мәселен, бір ғана найзағайлар соғып тұрған «тесла шоу» деп аталатын ойынын алсақ, бұл виртуалды әлемде балалар өздерінің ойлау қабілетін өсіріп, жаңа қырынан көрсете алады. Ең ғажабы, бұл зертханада ойын ойнауға, суретке түсуге, балалардың сана-сезімін өсіруге барлық мүмкіндік жасалған.

Бүгінде мұнда 10 мың баланы қамти отырып, түрлі бағытта жұмыс жасайтын 650-ге жуық топ, 125 үйір¬ме бар. Оларға 200-ге жуық қосымша білім беру педагогтары сабақ жүргізеді.

Бүгінде Оқушылар сара¬йында дипломатиялық корпус, зертхана мен нанотехнологиялар сек¬циясы жұмыс іс¬тей¬ді. Бұдан басқа, анатомия, физика секция¬лары да ашылған. Бұл – үйір¬мелердің аз ғана бөлігі. Оқушылар сарайындағы көптеген спорттық және би командалары, спортшылар жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған. Жеңімпаздарды тәрбиелеу¬ші жергілікті педагогтардың ішінде ғалымдар да, белгілі мамандар да, музыканттар да, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері де бар.

Бұл ғимаратта жеңіл, ауыр атлетика алаңы, суда жүзу бассейні, мұз айдыны, футбол, хоккей, баскетбол алаңы, теннис залдары бар. Студиялармен қатар театр, дайындық алаңдары, оркестр, хор, би, балет және драма топтарына арналған сахна, көрме залы, амфитеатр орналасқан. Сарайдың өз асханасы мен медицина орталығы, түрлі техникалық қызметтерге арналған бөлмелері бар. Сондай-ақ, Оқушылар сарайында Қызыл кітапқа енгізілген, сирек кездесетін өсімдіктері бар қысқы бақ, 3Д технологиясын пайдалану арқылы панорамалық, сфералық және ғаламшарлық кескіндеме көру мүмкіндігін беретін планетарий, инновация¬лық шешімдер жиынтығы топтастырылған виртуалды зертхана секілді заманауи орталықтар орналасқан. Бұл аз десеңіз, сарайда балаларға арналған «Медиаорталық», атом энергетикасы жөніндегі ақпараттық орталық, ұлттық интерактивті парк қызмет атқарады. Оқушылар сарайы ашылған күннен бастап түрлі тематикалық көрмелер, сонымен қатар таныстырылымдар, көрме байқаулары, бейнелеу өнері үйірмесінің жас суретшілер шығармашылықтары мен қолданбалы сәндік өнері, қазіргі заманауи дизайны, шығармашылық кездесулер және мастер-класс ұйымдастырылып, өткізіліп келеді. Теориялық және практикалық білім алу үшін бүкіл жағдай жасалған Оқушылар сарайында балалар мұғалімдердің, кәсіби мамандардың көмегімен мектепте алған білімдерін де нығайтады.

Оқушылар сарайының ішінде орналасқан түрлі орталықтардың арасынан Ұлттық интерактивті саябақты ерекше атап өтуге болады. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен салынған болатын. Саябақтың басты мақсаты – әр баланың тұлға ретінде жан-жақты дамуына, сондай-ақ балалардың өз бетінше білім алуына және өзін-өзі жетілдіруіне жәрдем беру.

Бұл парк заманауи ғылыми зертханалармен, спорт жабдықтарымен және интерактивті экспозициялармен жабдықталған. Оқушылар сарайы бүгінде білім алушылар үшін интерактивті парктің «Ғылым мен технология», «Спорт және денсаулық», «Өнер, би және музыка» атты негізгі үш кластерін ұсынып отыр.

1400 шаршы метр аумақты алып жатқан парк, ең алдымен, баланың дамуына ерекше ықпал етеді. Зерттеу¬лер жүргізіп, келушілердің білгірлігін дамытуға және шығармашылық қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

4,6(33 оценок)
Ответ:
dasha43com
dasha43com
18.04.2022
 Қазақстанда 16-дан астам ірі қала бар. Солтүстікте – Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Павлодар. Шығыста – Өскемен, Семей қалалары орналасқан. Оңтүстікте –  Қызылорда, Талдықорған, Түркістан, Тараз, Шымкент, Алматы. Батыста – Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалалары.
   Солтүстік және Шығыстағы қалаларды орман-тоғай қоршаған. Ең әдемі жері – Бурабай көлі. Қазақстанның орталығындағы Қарағанды, Жезқазған, Астана қалалары Сарыарқа даласында орналасқан. Батыстағы қалалар Нарынқұмда, Каспий теңізінің жағасы мен Жайық өзенінің бойында тұр.
  Оңтүстіктегі қалалар Арал теңізі мен Сырдария, Шу, Іле өзендері мен Алакөл, Балқаш көлдері жанында орналасқан. Шығыстағы қалалар Ертіс өзенінің бойында орналасқан.
   Қазақстанның батысында Мұғалжар, шығысында Тарбағатай, оңтүстікте Қаратау, Алатау таулары бар.
 Қазақстанның қай қаласына барсаң да қонақжайлы, берекелі қазақ халқы сені құшақ жайып қарсы алады.
4,5(28 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ