Ғарыш әлемінің құпиясы көп. Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ. Ежелгі уақыттан бері адамдар жұлдызды аспанға назар сала қарап, өз бақылауларының нәтижелерін жазып отырған. Аспандағы жұлдыздардың орналасуының жердегі өмірге ықпалы бар деп есептеген.
Бұрын теңізшілер кеменің жолын жұлдыздар бойынша анықтаған. Темірқазық жұлдызы басты бағдар болған.
Ежелгі Қытай астрономдары түнгі аспанды қарай отырып, жұлдыз карталарын құрастырған. Олар жұлдыздардың орналасуы бойынша болашақты болжауға болатынына сенген. Қытай императоры жұлдыз жорамалмен салыстыра отырып, елді басқарған.
Түнгі аспан ежелгі жұлдыз зерттеушілерді өзіне тартатын. Жұлдыздар топтарында батырлардың, жануарлардың, құдайлардың сұлбасын көріп, оларға атау берген. Шоқжұлдыз деп қандай да бір пішін құрайтын жұлдыздардың тобын атайды. Шоқжұлдыздар жұлдызды аспанда жөн сілтеуге көмектеседі. Әрбір шоқжұлдызбен қандай да бір аңыз – хикая немесе миф байланысты болған.
Қиял шығармашылық бастауы расыменде,
Өмірде қиялдап,армандамасаң мақсатыңа қалай жетесің? Кейбіреулер арманды бос қиялға теңейді менің ойымша арман мен қиял егіз ұғым. Қиялдап өз арманына жеткендер аз емес. Қиялдап менде дәл қазір өз шығармашылығымды бастадым. Қиялдап көзіңді бір сәтке жұмып көрші кейбіреулердің көз алдына ерекше бір сурет,біреулерге өлең жолдары,ал,енді біреулерге құлақтарына әуен келер. Міне,қиял адамның арманынан туады. Әр адамның өз арманы,өз қиялы болады. Және армандап қиялдай отырып,өз мақсатына жетеді.Барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын сөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Міне әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби атамыздың ұлы сөзі де осыған дәлел. Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығушылықтары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады; Сөз соңында өміріміз қиял-ғажайыпқа толы болғай дегім келеді