Әметші Үркер Үркер күз басында шығыстан, кыс басында тобеден, көктем басында батыстан жерінеді. Ал жаз басында гүем көрінбейді . Қазақтар «Үркер томен түспей, кер кызбайды» дейді. Оның орналасу жолының ауылшаруашылығына тиесіх катысы баган Шоқжұлдыздардың «Үркер» деп аталуы сол жұлдыздардың аспанда үрімен қойдай шашырап жатканын бейнелесе керек Үркерге қатысты қолданыстар 1) Үркер үйден көрінсе, үш ай тоқсан кысы бар Үркер інірде жамбаска келсе, жаз шыкпаған да несі бар. 2) Үркер түссе, жер қытады. 3) Үркер туса. сорпа ас болады 4) Үркер кетерілсе, шөп кетеріледі, бидай тас тартады 4) Толған Ай тұрса Үркерге карсы карап, қыс түсер шақырайып, боран сабап 5) Үркер мен Ай ауыт қонысты, Үркер мен Ай тоғысты.
Үйіңізде компьютер болса, ол ғаламторға қосылса, бүгінде кез - келген мемлекеттегі танысымызбен интернет арқылы хабарласа беретіндей жағдайға жеттік. Өзіңізге керек мәліметті ғаламтор арқылы жылдам тауып алып, керегіңізге жарата бересіз. Компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады. Есеп - қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60 - 80 сөз, 6 - 8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни, жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез - келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей…Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде - осыған байланысты компьютерде еркін жұмыс істеу, одан информацияны ала білу, оны өңдеу және күнделікті істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады. Компьютердің алдында үздіксіз жұмыс істеу, қан қысымын көтереді. Миопия яғни, көз жанарының алыстан немесе жақыннан көру қабілеті нашарлайды. Құлақтың есту қабілетін төмендетеді, баланың ұйқысы бұзылып, асқа тәбеті болмайды. Ал ұйқысы қанбаған баланың зейіні төмендейді. Сонымен қатар, омыртқаға көп күш түсетіндіктен, (сколиоз омыртқа буынының қисаюы) омыртқа ауыруына шалдығуы мүмкін. Электрленген сәулелер саусақ ұштарына әсер етіп, қолдың буындарына зақым келтіреді. Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай: Көздің көру қабілетін төмендетеді; Омыртқалардың қисаюына әкеледі; Жүйкеге салмақ түсіреді; Шаршағыштық, әлсіздік басады. Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады". Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл - ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл - күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады
Гендік тұрғыда өзгеріске ұшыраған өнімдер туралы айтқанда, әлем ғалымдарының да, қоғамның да пікірі екіге жарылады. Біреулер бұл адамзат үшін өте қажет десе, келесілері олардың адам денсаулығына зияндығын алға тартады. ГМО өнімдерін жақтаушылар бұндай өнімдерін шығару адамзатты аштықтан құтқаратын бірден-бір жол деп тұжырымдайды. Өйткені тағы 40-50 жылдан кейін Жер бетіндегі тұрғындардың саны 11 миллиардқа дейін жетуі мүмкін. Яғни ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұраныс та артады. Бұл мәселені ГМО арқылы бірден шешуге болады. Ал қарсыластары оның адам денсаулығына әсері толықтай зерттелмегенін алға тартады. Қалай десек те, гендік тұрғыда өзгерген өнімдер адамзат өміріне дендеп еніп келеді. Бір мемлекеттер оларды шығаруға, таратуға заңмен қатаң тыйым салса, кейбір елдерде рұқсат берілген, келесілері либерал көрқарас ұстанады. Мәселен, қазіргі кезде Ресей Думасы ГМО өнімдерін елге кіргізуге тыйым салу туралы заң жобасын талқылап жатыр. Яғни бұл саланы мемлекеттік тұрғыда бақылауды қолға алмақ. Ал Қазақстанда бірнеше жылдан бері олардың пайдасы мен зияны туралы қанша рет талқыланса да, мәселе ашық күйінде қалып отыр. Өйткені нақты сүбелі зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Ал азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі шеттен келетіндіктен, сарапшылар Қазақстан дүкендерінде де құрамында гендік тұрғыда өзгеріске ұшыған компонентттері бар азық-түліктер дүкен сөрелеріне түсе бастағандығын айтады. Дегенмен ел Президенті биылғы жолдауында агросекторды дамыту мәселесіне тоқтала келіп, ГМО өнімдерінен қорқудың еш қажеттілігі жоқ деп тұжырымдады. Алайда, Қазақстанда әлі күнге ГМО өнімдеріне қатысты заңдық негіз қалыптаспады. Тек 2010 жылы «Тұтынушылар құқығын қорғау туралы» ҚР заңы күшіне еніп, сол жерде бір-екі ауыз айтылады. Аталмыш заң өндірушілерді егер өнім құрамында ГМО 0,9 пайыз және одан да жоғары болатын болса, өнімдерін маркілеуді міндеттейді. Маркілік таңбаның жоқтығы үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, лицензиясынан айыру немесе бұл іспен айналысуға 3 жылға дейін тыйым салу қарастырылған. Осыдан 2 жыл бұрын «Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасы әзірленіп, Парламентке жолдаған болатын. Сол кезде Ұлттық биотехнологиялық орталықтың директоры Ерлан Рахманқұлов бұл заң бір жылдың ішінде қабылданады деп мәлімдеген еді. Алайда талай талқылаудан өтсе де, нақты шешім қабылданған жоқ. Ақпан айының басында ауылшаруашылыгы министрлігі таратқан ақпаратта бұл заңның әлі күнге Парламенттің төменді палатасында жатқандығы айтылады. Гендік модификацияланған ағзалар дегеніміз – гендік инженерия көмегімен жасалған тірі ағзалар мен азық-түлік өнімдері. Бұл өзгеріс өсімдік геніне жануалардың генін енгізу арқылы жүзеге асырылады. Жалпы, құрамында ГМО кездесетін өнімдерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ құрамы гендік өзгеріске түскен азық-түліктер (трангендік бұршақ, соя), екінші топ – трангендік шикізатты өңдеу нәтижесінде алынған азық-түлік өнімдері (соя сүті, қызанақ пастасы, соя қосылған түрлі шұжықтар, чипсы, бұршақ өнімдері). Үшінші топ – трансгендік жеміс-жидек пен көкөністер. Гендік инженерияның иновациясы саналатын бұл тәсіл өсімдіктер әлемінде кеңінен пайдаланылады. Ең алғашқы гененикалық негізі өзгертілген ағза – ішек таяқшалары болған. Ал 1978 жылға қарай трансгендік адам инсулині пайда болды. Ол қазіргі кезде дәрі-дәрмек шығаруда кеңінен қолданылады. Гендік тұрғыда өзгертілген ең бірінші өсімдік – темекі. Бұндай өзгеріс өсімдіктердің өнімділігін арттырып, қуаңшылыққа, түрлі ауруларға, құрт-құмырсқаларға төзімділігін жоғарылатады. Алғаш рет азық-түлік нарығында трансгендік өнімдер АҚШ-та 1994 жылы пайда болған. Бұл ұзақ сақталатын қызанақ пен соя еді. Осыдан кейін өндірушілер азық-түлік нарығына бірінен соң бірі түрлі трансгендік өнімдерді ұсына бастады. Қазіргі кезде АҚШ-тың азық-түлік өндрісінің 70-80 пайызына ДНҚ-сы өзгертілген құрамдас заттар кіреді. Ал БҰҰ-ның экономикалық әріптестік және даму ұйымының мәліметін сүйенсек, қарзіргі кезде ауылшаруашылық өнімдерінің ішінде картоптың гердік тұрғыда өзгертілген – 24, сояның –11, бұршақтың 32 түрі бар екен. Одан бөлек қант қызылшасының үш түрі, күріштік 5 түрі, қызанақтың трансгендік 8 түрі тіркелген. Гендік модифкацияланған өнімдер табиғи өнімдердан анағұрлым арзан болғандықтан, азық-түлік өндірушілер үнемдеу мақсатында пайдаланады. 2000 жылы биоқауіпсіздік туралы Картахен келісімі қабылданған. Бұл құжатта көптеген мемлекеттердің ГМО өнімдеріне қатысты көзқарасы белгіленеді. Оған 166 мемлекет қол қойды, оның ішінде Қазақстан да бар. Бұл құжатта зияндылығы дәлелденген жағдайда, кез-келген гендік тұрғыда өзгертілген өнім зиян деп танылсын деп жазылған. Алайда ондай өнімдердің зияндылығын дәлелдеу оңай емес.
Объяснение:
1.Дұрыс
2.Бұрыс 3.Дұрыс