Саяхаттау - адамның өмірін жарқын ете түсетін, түрлі тәтті естеліктерге толтыратын дүние. Ол адамға қанат бітіріп, дүниетанымын кеңейтеді. Мен саяхаттағанды қатты ұнатамын. Әзірге шетелдерге шығып көрмедім. Бірақ еліміздің біраз өңірлерін, қалаларын араладым. Мен Алматыда тұрамын. Кішкентай кезімнен бері Семей, Астана, Көкшетау, Жезқазған, Балқаш, Алакөл, Атырау өңірлерінде болдым. Ол жақтардың ауа райы, табиғаты әр түрлі болса да, маған ұнады. Астанада зәулім әрі заманауи ғимараттарды көріп, Ақорданы, Бәйтеректі тамашаладым. Ал Семейде қазақтың бас ақыны, хакім Абай туылған жерде болып қайттым. Көкшетауға барғанымда Оқжетпес тауын, Жұмбақтасты, Шортанды көлін көріп, Бурабайдың тұмса табиғатының аясында болып қайттым.
Болашақта мен шет елдерді аралағым келеді. Италияға, Америкаға, Францияға баруды армандаймын. Францияға барып, әйгілі Эйфель мұнарасын тамашалап, сол жерде отырып кофе ішіп, француздың круассанын жегім келеді. Сонымен қатар Кореяға барып, кәрістердің мәдениетімен танысуды армандаймын. Оған қоса Таиландқа немесе Мальдив аралдарына барғым келеді. Жағажайда күнге қыздырынып, суға түссем деймін. Әр мемлекетке барғанда, өзімнің армандаған дүниелерімді жасап, жақсылап саяхаттасам деймін. Және болашақта солай болады да. Мен оған сенімдімін.
4.Мәтіннен берілген сөздердің синонимдері мен антонимдерін тап. (Найдите в тексте антоним и синонимы данных слов)
Үлкен (найдите антоним) –
Атақты (найдите синоним) –
Шаһар (найдите синоним) –
«Мен бос уақытымды қалай өткіземін?» тақырыбына диалог құрастыру.
Данагүл: Алтынай, ертең сабақтан соң дүкен араласақ, қалай қарайсың? Бос уақытың бар ма?
Алтынай: Бос уақытым бар да, жоқ та десем болады.
Данагүл: Қалай сонда?
Алтынай: Негізі бос уақытым бар. Бірақ мен сабақтан бос уақытымды өзімнің сүйікті хоббиіме арнағанды ұнатамын. Сондықтан да «бос уақытым жоқ» десем де болады.
Данагүл: Сенің сүйікті хоббиің бар екенін білмеппін ...
Алтынай: Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады. Менің сүйікті хоббиім - сурет салу.
Данагүл: Сурет сала білген қандай керемет! Ал менің сурет салуға еш икемім жоқ ...
Алтынай: Сурет салумен мен үш жасымнан айналысамын. Арнайы өнер мектебінде сурет салу бойынша қосымша сабаққа барамын. Сурет салуда бір құпия бар сияқты, өйткені сурет салу барысында өзіннің қиялыңа еркіндік беріп, ойыңдағы нәрсені сурет арқылы білдіресің. Келешекте аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын. Сурет салуға бар бос уақытымды арнап, талантымды шыңдауға тырысамын, әлемге әйгілі суретшілердің қаламдарынан шыққан туындыларды тамашалап сусындаймын.
Данагүл: Алға қойған мақсатыңа жетуіңе тілектеспін! Онда дүкенді басқа күні аралайық. Мен де сүйікті хобби туралы ойланып көрмесем ...