Су-тіршіліктің қайнар көзі.Сусыз өмір сүру мүмкін емес.Су біздің барлық тұрмысымызға қажетті.Суды біз күнделікті тұрмысымызда жиі пайдаланамыз.Оның үстіне судың адам ағзасына пайдасы зор.Судың да сұрауы бар,яғни судыд да үнемдеп пайдаланған жөн.Сусыз тіршіліктің жоқ екені мəлім,əрине ол бізге қашанда қажетті.Адам ағзасының 75% судан тұрады.Су-түссіз,дəмсіз сұйық зат.Егер ауыз су тапшылығы болатын болса,сусыз тіршілік жоқ болса,онда адамзат өмір сүре алмас еді.Сондықтан судыңда қадірін білген жөн.
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі.