Аудармасы:
Біздің заманымызда үш тіл білу өте маңызды. Мен үшін аталған үш тіл - қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, сондықтан мен оны бәліге міндеттімін деп ойлаймын. Қазақстанның әрбір азаматы қазақ тіліне құрметпен қарау керек. Ағылшын тілі - әлемдік тіл, әлем елдерінің басым бөлігі бұл тілде сөйлейді. Мысалы, сіздің еліңізге турист келіп, сізден ағылшын тілінде бір нәрсе сұраса, сіз жауап бере алмайсыз немесе сіз шетелге шығып, сонда өзіңізге көмек қажет болуы мүмкін. Орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі, менің ана тілім. Сондықтан мен өз ана тіліңді білуге міндеттісің деп ойлаймын.
Ал үш тілді меңгеру сізге қоғамда үлкен артықшылық береді.
Деректі зат есім - көзге көрінетін, қолмен ұстап біле алатын заттар.
1) Бүгін қар жауды.
2)Айбике жерден қалам тауып алды.
3)Ұшақ екі сағатқа кешігіп қонды.
4)Бақшамызда түймедақ гүлі өсуде.
5)Әкем үйге жаңадан тоңазытқыш сатып алды.
Дерексіз-көзге көрінбейтін, қолмен ұстап, сезе алмайтын дүниелер.
1)Білім алу арқылы санамызды жетілдіреміз.
2)Домбырадан шыққан қоңыр әуен жүректі тербетеді.
3)Адамдар адреналин арқылы ерекше сезім алады.
4)Үлкендер кішіге мейірім көрсетеді.
5)Оқу барысында басыма керемет ой келді.