Қазақстанның Қызыл кітабы- Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті. Мәселен, 90-жылдардың ортасына дейін, 40 жыл бойы бөкен Қазақстандағы негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдар аралығында 800-900 мың бөкендер бар еді. 1998 жылы - 470 мың, 2001 жылы - 80 мың, ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды. Үкімет каулыларымен бөкендердің барлық түрін аулауға тыйым салынды. Бөкен Қызыл кітапқа енгізілген жоқ, бірақ осал, тіпті қиын-қыстау қауіп төнген түр мәртебесінде тұр. Оның санын қалпына келтіруде едәуір каржы салынып, аң шаруашылығы мен өзге ұйымдардың қарқынды күш жұмсауы қоса тапсырылды. Сөйтіп бөкен саны 30 мыңға жетті. Бірақ 2015 жылы бөкен ауруға ұшырап, 30 мыңнан бөкеннен 10 мың бөкен қалды.
Объяснение:
Не забывайте подписаться꧁♡♕♡꧂
Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері, ауаны қажет етеді. Фотосинтез барысында ағаштар көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегіні шығарады. Ағаштар адамдарды тамақпен қамтамасыз етеді (алма, шие, қарақат). Сонымен қатар, оның көмегімен көптеген дәрі-дәрмектер дайындалады. Орманды жерде серуендейтін болсаңыз, өкпедегі газ алмасу процесі ынталанып, тыныс алу жақсарады. Бұл жабық бөлмеде көп уақыт өткізетін адамдарға пайдалы. Автокөлік түтіндерін және басқа да токсиндарды жұтып алады. Тері қатерлі ісігі – ауа райы ыстық елдерде жиі кездесетін ауру түрі. Ағаштар зиянды сәулелердің әсерін шамамен 50%-ға азайтып, көшеде жүрген адамдарды қорғайды. Ағаштарға жақын жерде өмір сүру, физикалық және психикалық жағдайды жақсартады. Өйткені, олар қан қысымын төмендетеді және стрессті азайтады. Ағаштан жиһаз, қорап, сіріңке, бөрене, тақта, қаламсап және қарандаш жасалады. Мектептегі жазатын қағазын және оқитын кітабын ағаштан жасалған.
Объяснение:дұрыс деген ойдамын.