бөлігінде көтерілген мәселені болжатыр. Окжетпес туралы аңыз Кокшетауга ат басын бұратын коптеген саяхатшылардың кызыгушылығын оятатып нәрсе - табиғатты коз тартар сұлулыты. Соның ішінде Бурабайдагы «Оқжетпес» тасынын жөні бөлек, атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуга барып жүргенімізбен, сол «Оқжетпес» жартасының калай біткені жайында біле бермегіміз әрі мән де бермейміз. Ал анып былай дейді: Бурабай дейтін елді мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын осіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз оскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, касындағы балалардың атқан садагы оның кеудесіне әрен жеткен. Бойы ұзын, өзі батырдың тірі кезінде елде абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен паіхасады. Ол әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған. Жаракат алса, жарасын сол колдің бойында емдеп, Бурабайдың ауасымен тыныстаган. Дәл сонді күннің бірінде ол жауға қарсы соғысады. Соғыс ұзақ күштерге созылады. Жаудың беті каптар емес. Тіпті жау санында есеп жоқ. Айларға созылған соныстың салдарынан Окжетес шаршап, түнде тынығып жатқан кезінде жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі батыр оган да конбей орипаян сілкіне прып тагы согысады. Тек ең акырында әлі кетіп , ақыры демі бітті-ау деген кезде, Оқжетпес қатты даусымен: «Уа, Тәңірім, мені жау қолынан өлтіріп, ұятқа қалдырганша, тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй тұнып, Оқжетпес сол жерде жартаска айналып кеткен. Бұл аңыздың бір түрі ғана. Жалпы Бурабайдагы түрлі ескерткіштерге қатысты көптеген аңыздар бар. Аңыздың өзі ертегі емес, шындыққа жанасатын жанрдың түрі екенін ұмытпаңыз. 2. Берілген сұрақтарга тыңдалгал мәтінен дәлелдер келтіре отырып, жауап беріңіз. 1. Батыр бала күнінде кандай болған? 2. Батыр алған жаракатын калай емдеген? 3. Окжетпес қалай тасқа айналған
Менің әкем туралы.
Әке деген - біздің асқар тауымыз, қорғанымыз, панамыз және асыраушымыз. Бұл дүниеде, менің ойымша, адамның екі ең жақын адамы бар: бірі - Ана болса, екіншісі - Әкеміз. «Әке көрген оқ жонар» деп бекер айтылмаса керек. Себебі әке бала үшін, әсіресе ер бала үшін ең жақын дос, сырлас, әрі үлгі тұтар азамат.
Әрбір шаңырақта, әсіресе қазақ отбасында, әкенің алар орны ерекше. Себебі, әкенiң мiнез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнерi мен бiлiмi — баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. Отбасының пейiл — береке, ынтымағы үшiн отағасының әдiл, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелiк рөлi де зор. «Әке — асқар тау», «Әке — балаға сыншы» дейдi халқымыз. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен қарау баланың парызы болмақ.
Менің әкемнің есімі – Қанатбек. Ол – полиция қызметкері. Менің әкем жұмыста қатал болып көрінгенімен, балаларына мейірімді әке. Біз әкемізді мақтан тұтып, ол кісіден жақсы үлгі аламыз. Әкеміз күн –түн демей, қоғам қауіпсіздігі мен елдің тыныштығы үшін қызмет етуде.
Мен өз әкеммен уақыт өткізіп, ол кісіден бар нәрсені үйренгенді ұнатамын. Менің ойымша, ұл баланың тәрбиесі көбінесе әкеге байланысты. Әкем екеуміздің қарым - қатынасымыз өте жақсы, мен әкемнен кез - келген мәселе бойынша ақыл сұрап,сырласа аламын. «Тек әкелер сендер ғана лайықсың, хан сарайы, «патша» атағына» деп өлең жолдарында айтылғандай асқар тау әкелерімізді қадірлеп, ол кісілерді үлгі тұтайық!