Қазіргі аумалы - төкпелі заманда құндылықтардың алатын орны ерекше.Құндылықтарсыз өмірде адамның іс - әрекетініңде,өмірініңде мәні болмас еді.Өмірде адам үшін құндылықтар өте көп.Солардың бірі - материалдық құндылықтар.Материалдық құндылықтарға - тамақ,баспана,киім,ақша ,дәрі - дәрмектер жатады.Материалдық құндылықтар адамға өзін қорғауға,қажетін қанағаттандыруға,жайлы өмір сүруіне мүмкіндік береді.Материалдық құндылықтар заманның өзгеруімен адам талғамына сай өзгеріп отырғанымен ол адамның қажеттілігіне жұмсар құндылық болып қала береді.Жалпы адамзаттық құндылықтар - жеке адамзаттың бойында өмірге келген кезінен бастап бірге өсіп,дамып отырады.Жасы ұлғайған сайын заманына сәйкес бірге қалыптасады.Құндылықтар адам бойына сезім арқылы қабылданады,сана арқылы түсінуге болады.Баланың бойына жастайынан ізгілік пен мейрімділік, қайырымдылық,адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеуде отбасы мен мектеп ұстаздары ерекше рол атқарады.Адами қасиеттер адамшылық,адалдық,адамгершілік құндылықтар заман өзгерседе өзгермейтін құндылықтар.Осы адами құндылықтарды өсіп келе жатқан жас ұрпақтың сезіміне сіңдіріп,ішкі жан дүниесін ояту арқылы рухани құндылықтарды қалыптастыруға болады.Бұл қасиеттер адамды мейірімділікке,Отанын,елін,отбасын сүюге тәрбиелейді.Ұлттық құндылықтар,салт - дәстүрлер біз отаршылықта болғанымызда заманға сәйкес өзгеріп тіпті жоғала бастағаны өтірік емес.Кішкене ғана мысал: Қазақтар өз есімдерін орысша атап,Сабит Саматович,-деу әліде бар.Тәуелсіздігімізді алғалы ұлттық құндылықтарымызды қолдау күшейтілді.Сәбит Саматұлы,- деп аталу қандай ерекше әрі қазақша.Өзге ұлтқа еліктемей өз ұлттық құндылықтарымыздан ұялып,жоғалтып алмайық.Адами болмыс құндылықтары заман өзгергерседе өзгермейтін құндылықтар.
мамандардың шетелге кетуінің бірден-бір себебі – еліміздегі әлеуметтік жағдайдың төмендігі. Бүгінде Қазақстанда жалпы жалақы мөлшері аз. Жыл сайын Үкімет әр сала маманының жалақысын көбейтіп жатырмыз дейді. Бірақ 5 жылдан бері айтарлықтай өзгерісті байқамадық. Ал азық-түлік бағасы қарыштап тұр. Мысалы, былтыр ғана еттің келісі 1 400 теңге болған, биыл 2 000 теңге. Бұл – инфляцияның көрінісі. Мұндай жағдайда жас әрі білікті мамандардың шетелге кетіп қалуы – орынды нәрсе. Егер осылай жалғаса берсе, Қазақстанда мамандар тапшылығы пайда болады. Қазірдің өзінде ауылдық жерлерде дәрігер жетіспейді. Ең қорқыныштысы – болашақта халықты кім емдейді, кім оқытады, кім дамытады? Кәсіби мамандар шетелге кетпеуі үшін мемлекет жоғарыда айтылған проблеманы шешуге тиіс. Сонымен қатар жеке кәсібін бастағысы келетін жастарға қолдау көрсеткен абзал. Жуырда “Сыбаға” атты бағдарлама туралы естідім. Бағдарлама жеке кәсіпкерге, фермерлікпен айналысамын деушілерге несие береді екен. Меніңше, осындай бағдарламалар бойынша берілетін несиенің процент мөлшерлемесін азайту қажет. 2020 жылы билік осы мәселелерді ескерсе екен деймін.