М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Қазақ әдебиетінен Қазтуған жырау туралы мәлімет

👇
Ответ:
KristiDever
KristiDever
03.04.2021

Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) - мырза, батыр, жырау. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен айтулы жорық жырауы.

Қазтуған жырау ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Әдіжі атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдоллаұлы Еділ бойында өмір сүрген, кейін Қобан жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жартысында жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мемлекеттік архивінің көне актілер жөніндегі бөлімінің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлысының 1660 жылдарға дейінгі деректері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: Едіге би - Нұраддин - Уаққас - Мұса - Ысмайыл би - Дінбай би - Тінікей - Абдолла - Сүйініш - Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген. Осы жылы қалмақ билеушісі Аюке хан өзінің бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшыларының алдына барып, орыс-қалмақ келісіміне қол қойып, аманат сарайындағы ноғайдың жас мырзасын босатуды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан ноғайларының мырзасы Сүйініштің сұрауы бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша алдындағы абыройлы істерін еске салды. Алайда, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы кезде іске қабардин кінәзі К.М. Черкасский араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі хабарлайтынын айтып, қалмақ делегациясын жылы шыраймен шығарып салады. Қазтуған 1696 жылы ұзақ жылдар бойы Қалмақ хандығына тәуелді болған Едисан ұлысын бастап, Еділ бойынан Қырым хандығына тиесілі Қобанға көшіп кетеді. Қазтуғанның есімі соңғы рет 1698 жылғы деректе аталады. Онда Едисан ордасының мырзалары Тоған мен Гидемирдің Қобанның сол жағалауында орын алған жұтқа байланысты Мәскеуге Бейшім аға бастаған елшілікті жібергені жазылған.

Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына әскери рухты, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі көшпенділердің поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды.

4,6(99 оценок)
Ответ:
Lelikc
Lelikc
03.04.2021

Объяснение:

Кітапта бар

4,8(61 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
нина412
нина412
03.04.2021

Менің сүйікті ойыншығым туралы.

Әрбір балада көптеген ойыншық түрлері болатыны сөзсіз – ата – анасы, әжелері мен аталары, ағалары мен апалары туған күн, жаңа жыл, мереке секілді күндері түрлі ойыншықтар сатып алып беріп жатады. Менде де бөлмемде ойыншықтарымды жинайтын шкафта бос орын жоқ. Дегенмен, осы көптеген түрлі ойыншық ішінде менің сүйсініп ойнайтын ойыншығым - ол ағаштан әзірленген біздің ас үйіміздің кішігірім көшірмесі. Ата – анам туған күніме сыйлаған болатын. Әкем оны өз қолымен ағаштан жасап, сыртын арнайы ойыншықтарға арналған боуямен бояп берген болатын. Қолдан жасалған ойыншық болған соң өзіме аса ыстық. Барлық есіктері ашылып, шкаф ішіне ойыншық ыдыс – аяқты жайғастырып қоюға болады. Тіпті тоңазытқыш пен ас әзірлейтін пеш те бар. Сабақтан бос уақытта осы ас үй ойыншығымен ойнағанды ұнатамын. Түрлі тамақ әзірлегендей елестетіп ойнаймын. Одан қуыршақтарым мен жұмсақ ойыншықтарымды отырғызып қойып, оларға «пісірген» тамақты беріп, ойнағанды жақсы көремін. Анам тамақты өте дәмді әзірлеп, неше түрлі тәттілер пісіреді. Мен де бой жеткенде анама ұқсап тамақты дәмді әзірлеп, отбасымды қуантқым келеді.Ал әзірге мен тек үйреніп, анамның істегенін қайталауға тырысып жүрмін.

4,4(3 оценок)
Ответ:
0070070070007
0070070070007
03.04.2021
Менің сүйіктім ақыным-Мағжан Жұмабаев.Ол кісі тала азап шеккен,бірақ еш мойымаған.Әрине,өз сүйікті ақының болғандықтан оның өмірбаянын біндетті түрде білуің шарт!Мен Мағжан Жұмабаев туралы қысқы қысқа өмірбаянын білемін!
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бүгінде өз есімімен аталатын ауылында орташа ғана дәулеті бар отбасында дүниеге келеді. Әуелі ауыл молдасынан, содан соң ауылдағы мұғалімнен оқып, сауатын ашады. 1905-1910 жылдары Қызылжар (Петропавл) қаласындағы медреседе оқиды. Медреседе бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алады, шығыс ақындарының жырларымен танысады. Өзі де әдебиетпен шұғылданады. 1910 жылдың күзінде Уфаға келіп, осындағы Ғалия медресесіне түсіп білімін молайтады. 1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды. Міне осы менің сүйікті ақыным туралы кішкенеде болсын білдіңіздер!
4,5(60 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ