Үйірме жетекшісі мен оқушылар арасында диалог құрастыру.
Үйірме жетекшісі: Айымгүл, келер аптада жоспарлап қойған шаруаларың жоқ па?
Айымгүл: Әзірге, ешқандай жоспарым жоқ, апай. Бір нәрсе істеу керек пе?
Үйірме жетекшісі: Ия, солай десем де болады. Келесі аптада біздің сарайымызда ашық есік күндері өтеді. Соған әрбір үйірме өзінің оқушыларының қатысуымен түрлі іс – шаралар жүргізуі керек. Соған өзіміз кішігірім концерт ұйымдастырсақ деп ойлап отырмын.
Айымгүл: Жақсы, апай. Әрине қатысамын.
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, онда орындайтын күй таңдап қояйық.
Айымгүл: Маған Құрманғазы атамыздың «Балбырауын» күйі ерекше ұнайды. Концертімізді сонымен ашсақ қалай болады?
Самал: Ия, апай. Содан кейін барлығымыз жақында ғана үйренген «Шалқыма» күйін орындасақ, қалай қарайсыз?
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, жандарым! Міне, өздерің де концерт бағдарламасын құра алатын болыпсыңдар! Жарайсыңдар! Еңбегімнің зая кетпей жатқанына қуаныштымын!
Самал: Апай, біз бұл үйірмеде сізден көп нәрсе үйреніп жатырмыз ғой. Соны енді халыққа көрсетсек, бұл біз үшін де үлкен мақтаныш қой.
Айымгүл: Концертте өнер көрсеткеніміз сіздің арқаңызда жеткен жетістік деп білеміз!
Үйірме жетекшісі: Рахмет сендерге, жандарым! Ендеше күйлерді бір қайталап шығайық...
Ақкөңілдік – мінездің түрі, а ң аяулы қасиеттерінің бірі.Ақкөңіл адамның басқалармен қарым-қатынасына ізгі ниеттілік, шынайы тілектестік, ілтипаттылық пен жайдары қабақ, жарқын жүзділік тән. «Ақкөңілдің аты арып, тоны тозбас» деген халық нақалында бұл тамаша адамгершілік қасиетке ие кісінің мінездемесі дәл де нәзік бейнеленген.Мұндай адамдар – баршаның ісі ілгері бассын, көптің көңілі өссін, төңірек түгел болып, жұрттың жүзіне жайдарылық нұры жайылсын деп тілейді, соған өздерінің көңілі көншиді.Олар сұратпай-ақ, басқаға көмектесуге әзір тұрады, басқаны көңілдендіруге, шаттандыруға, қиындықтан құтқаруға құмар.Халық ондай адамды ақжүрек кісі деп марапаттап, құрметтейді.
Объяснение:
ставьте лайк если