Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады. Ит тамағы үшін жүгіреді. Құс тамағы үшін ұшады. Тоты құс бойына қарап зорланады, аяғына қарап қорланады. Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді. Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға. Құс баласы қырымға қарайды. Қаршыға ілген қазға сын. Қаршығалыға қоян кездеспейді, Жарақтыға жау жолықпайды. Жарқанатқа жарықтан қараңғы артық. Қаз келсе, жаз келер, Қарға келсе, қатқақ келер. Шағала келмей жаз болмас, Шаңқан келмей, боз болмас. Жапалақ мақтанса, Жардан қоян алдым дер. Жаман мақтанса, Жақсының жағасынан алдым дер. Қарға қарғаның көзін шұқымас.
Арман алысқа жетелейді демекші менің де өз арманым бар.менің арманым-әнші болу.әншілікті жаным сүйеді.бірақ бұл жай ғана ойым,болашақта басқа мамандық таңдап қалуым да ғажап емес.жалпы өзім патриоттық,лирикалық,классикалық әндерді сүйіп тыңдаймын.«армансыз қанатсыз құспен тең» демекші армансыз да болмайды.қазіргі арманым ата-анама үлгілі қыз болып,сабақты жақсы бітіру.ата-ана ң көз қуанышы,бірақ қыз үшін ананың орны өте зор,сондықтанда анамды қуантқым келеді.жаман оқимын дей алмаймын,құдайға шүкір сабақты жақсы оқып жүрмін.арманымыз биікте болсын! әрқашанда арманымызға ұмтылып,талпынып,шарықтау шегіне жетейік достар!