М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
322pussy322
322pussy322
07.06.2020 20:06 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі 7сынып 2тоқсан 2бжб керек бүгін ответ барма


Қазақ тілі 7сынып 2тоқсан 2бжб керек бүгін ответ барма

👇
Ответ:
анн57
анн57
07.06.2020

Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады.

Біреулер оны құс даусына ұқсатады: « — Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» — дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады. Кобыздын 4000 жылдык тарихы бар.

4,8(28 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
MYSABIEKOVA57
MYSABIEKOVA57
07.06.2020

Тіл туралы диалог  (мақал - мәтелдермен).

- Айбибі, не істеп отырсың? Өзіңмен – өзің сөйлесіп отырсың ба?

- Жоқ, Мақпал. Түрік тілінен жаңа сөздерді жаттап, қайталап отырмын.

- Сен түрік тілін де оқып жүрсің бе?

- Ия.Менің үлкен ағам қазақ – түрік лицейінде білім алады ғой, білмеген нәрселерімді сұрап, ағамнан үйренемін. "Өз тілің - бірлік үшін, өзге тілің - тірлік үшін" деген мақал осы ретте дәл айтылған деп есептеймін.

- Қандай керемет! Ал мектепте ше, ағылшын тілін де қатар оқисың ба?

- Ия. Дәл солай.  

- Қиын ғой, бірнеше тілді қатарынан меңгерген... Қалай шатаспайсың?

- Ынтаң болса, ештеңе де қиын емес. Мен керісінше көп нәрсе білгім келіп, жаңа білім алуға құштармын!  "Тіл - достықтың алтын көпірі" дегенді есте ұстаған жөн.

- Мен саған қызыға қарап тұрмын... Өзім ағылшын тілін онша білмейтін едім.

- Мектепте жақсылып оқып алғаның абзал. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.  

Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ. Мен өз болашағымда шет тілдерімен байланыстырамын. Халқымыздың «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген мақалы - менің өмірлік ұстанымым.

- Жақсы, Айбибі. Енді саған ұқсап, шет тілін ден қойып оқитын боламын!

4,8(75 оценок)
Ответ:
Фидачина
Фидачина
07.06.2020

"Көп тіл білу үшін..." тақырыбында диалог.

– Асан,мына ағылшын тіліне тілімді келтіре алмай-ақ қойдым.Сен қалайша төрт тілді меңгере алып жүрсің?

– Мерей,ал сен ағылшын тілін қалай үйреніп жүрсің?

– Кітап оқимын және сөздік жаттап жүрмін.Сөйлемдердің мағынасын ұғынамын,бірақ тілім келмейді.

– Кітап оқумен шектелмеуі керек.Көп тіл білу үшін көп жақты дайындалудың керек.Мысалы,сол тілде фильмдер қара,әндер тыңда.Және теория жүзінде ғана емес, практикалық тұрғыдан да дайындал.

– Ол қалай?

– Сол тілде еркін сөйлейтін адаммен сөйлессең, бірте-бірте үйренесің.

– Керемет, ақыл-кеңесің үшін көп рахмет,Асан!

– Оқасы жоқ,Мерей!

4,8(38 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ