М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Гауа0987
Гауа0987
10.05.2022 08:25 •  Қазақ тiлi

.. 7- класс сор
«Зілді бұйрық» өлеңі бойынша (60-70)сөз көлемінде эссе жазу

👇
Ответ:
Yaroslava0111
Yaroslava0111
10.05.2022

Зілді бұйрық  

                        Әдеби эссе

   Жамбыл Жабаев - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы.Оның қаламынан небір жыр мен дастандар жазылды.Солардың бірі де бірегейі – «Зілді бұйрық»  өлеңі.Аталмыш өлеңінде ақын патшаның 1916 жылы қазақтан соғыстың қара жұмысына адам алу туралы жарлығына батыл қарсылық білдірген.

  Жамбыл Жабаев бұл өлеңді көнеден қалған тарихқа жүгініп жазбады.Ол сол кездегі осы бір азапты оқиғаны көзбен көрген жандардың бірі.Өлеңнің:

«Верныйден» жандаралдар бұйрық қылды,

Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. ,

«Отыз бір - он тоғызды алад» деген

Суық хабар халықты бұлқындырды.

Жылады сорлы халық, малын айтып,

«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», -

Дейді де еңірейді, егіледі,

Қайғының күні-түні күйін тартып,-деген жолдары соның дәлелі.Ақын өлеңге еш фантастика қоспай,сол бір бейнет заманның,кара халықтың жай-күйін,мұң мен зарын осылайша әсерлі жеткізуінің өзі бір шеберлік десек,қателеспейміз.

  Халықтың өміріндегі қуанышқа да,күйінішке де ортақ бола білген ақын әрдайым көптін қамын алдыңғы кезекке қойып сөйлегендігін шығарманы оқып отырып-ақ түсінеміз.Ханның емес,халықтың сөзін жырлаған өлеңінде сол дәуірдегі оқиға мен ақынның айтайын деген ойы үндестік тапқандығы таң - тамаша етеді.Зұлымдықтың Верныйден қазақ еліне аяқ басуы,тіс қайрауы,халықтың жұмылып қарсы шығуы,кінәсіз жандардың нақақ қамалуы,атылуы бейне бір шешілмес түйін,шыңырау іспетті.Шым-шытырықты Жамбыл  Жабаев:

Аттандық ұлығының қонысына,

Елді сорған борсықтай болысына.

Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып

Көксеген азаттықтың соғысында,-деп,аңсаған егемендік жәймен келе салмайтынын,оған деген жолда ел азаматтарының құрбан болатындығын күйіне айтады.

   Қорытындылай келе айтарым,Жамбыл Жабаевтың "Зілді бұйрық" өлеңі біздің ата бабамыздың өмірінен өнеге мен өсиет береді.Әлбетте,қазір еліміз аман,жұртымыз тыныш.Сол үшін де тарих сахнасында осы бір ел тыныштығы үшін қыршыннан кеткен тұлғаларға алғысымыз шексіз және біз олармен,осындай ел жанашыры Жамбыл Жабаевпен мақтанамыз.

4,8(62 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Anna170806
Anna170806
10.05.2022

Объяснение:

Қазақстан әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекет.

«Тәуелсіздік» ұғымы кімнің болмасын бойында мақтаныш сезімін оятып, ұлтжандылыққа жетелейтіні анық. Тәуелсіздік таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз, әрбір адам кеудесін көтеріп, мақтанып айтатын қасиетті ұғым. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

Сонау ата-бабаларымыздың, аға-апайларымыздың рухын таптамас үшін, кейінгі ұрпақ тыныш елде мекен етсін деп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сақтап қалған жер үшін, атамекен ел үшін еңбектерін, төккен терлерін зая кетірмес үшін біз өз Тәуелсіздігімізді мықты әрі берік етіп сақтау - біз үшін міндет.

Сондықтан Сіздерге тілерім - Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын! Желтоқсанның ызғарлы желі енді соқпасын! Бейбіт заманда өмір сүріп, аспанымыз әрқашан ашық болсын! Бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүріп, еркіндігімізді сақтайық! Еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсейік! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын! Ойымды М. Қаниевтің өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Қазақстан тәуелсіз ел, қанатын жайған әлемге,

Ақ бозаты оза шауып, жаңғырған аты әлемде.

Өткен күндер келмеске кетті, тарихта қана айтылып

Жанарларын мұң шалмай, ұлың мен қызың күлуде...

4,4(29 оценок)
Ответ:
denistim
denistim
10.05.2022

"Ұлы жібек" жолы ол ұзақ болады. Ол Венециядан Ротерданға жүреді сосын Дуйсбургқа жол тартады Дуйсбургтан ол Мәскеуге жүреді Мәскеуден Ыстамбулға жол жүреді Ыстамбулдан Тегеранға жол тартады Тегеранннан ол Душанбеге жүреді сосын кішкене жүрген сон ол Самарқанд да болады Самарқанд дан ол Бішкекке жүреді тағы кішкене жүріп ол Алматыда болады Алматыдан Хоргос қа жүреді ұзақ жол жүріп ол Үрімдіде болады Үрімжіден өте ұзақ жол жүріп ол Лань Чжоу да болады Лань Чжоудан кішкене жол жүріп ол Сиань да болады. Бұл "Үлы Жібек" жолы.

4,6(4 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ