Нан – дастархан құты. Нан – тоқтық, нан- байлық.
Дастархан басында әрбір түйір нан қаншама адамның ерен еңбегі, маңдай тері, аялы алақаны арқылы ғана алдымызға келетінін еш уақытта ұмытпауымыз керек. Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға болмайды. Жерде жатқан нан болса, алып адам баспайтын жерге қою керек.
Егер менен Әлемдегі ең асыл не? – дей қалса,бөгелместен:,,Нан’’ – деп жауап берген болар едім. Себебі нан – әлемнің жарығы , Күннен нұр алады, адамға Күннің нұрын құяды, оның өмірін күндей жарқыратады’’.
Н.Ә.Назарбаев 2019жылды Жастар жылы деп бекітіп,барлығымызды қуантқан болатын. Өйткені,жастар -барлық прогресстің қозғаушы күшә болып табылады.Еліміздің өркендеуі үшін жастарымыз білімді болуы керек. Білімді болу- еліміздің әлемдік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы болып табылады. Жастар-ұлы даланың дәстүрі мен салтын келер ұрпаққа жеткізер болашағы.
Үш тілде еркін сөйлеу бізге елімізді шетелге жетістігімен таныстыруға,тәжірибе алмасуға,ұлттық мәдениетімізді әлемге танытуға мүмкіндік береді. Жастар өзіміз өмір сүріп жатқан ортамызды өзіміз қалыптастыруымыз керек.Қоғамымыз өркениетті болуы үшін азаматтық қоғам орнатуда белсенділік танытсақ, ол-әрқайсымыздың борышымыз әрі міндетіміз. Осы қасиетті борышымызды атқару үшін білім де біліктілік те керек. Мәңгілік Ел идеяларын іске асыру, рухани жаңғыру - жастардың қазіргі жол көрсетуші құралы десе болады. Білімді болу- өз өткеніңе көз жіберіп, ертеңіңді ойлау ,ертеңгі болашақ үшін еңбек ету. Білімді болу-еліңнің ертеңін тәрбиелей алу, еліне жаны ашитын парасатты адам болу. Жастардың алдына жаңаша форматта жаңа бастамаларды іске асыруға талпыну міндеті қойылады. Сондықтан өзім қатарлы жастарды білімді болуға шақырамын.Қазақстанымыздың қарышты қадамына үлес қосуға лайық болуға шақырамын.
Объяснение:
Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Сөз жоқ үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты.
Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. «Әке көрген оқ жонар...» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін ұлдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсың, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған. Халқымыз ер баланы 12-15 жасынан бастап, оның алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттері бар екендігін ескертетін болған. «Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт» деп таңдандыратын, «Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар» деп шамдандыратын, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді», «Ерлік білекте емес, жүректе» деп қайраттандыратын, «Ақыл жастан, асыл тастан» деп сеніміне шек келтірмейтін, «Атадан ұл туса игі еді, ата жолын қуса игі еді» деп армандайтын. Дүниеге ұл келсе, тұқымымыздың жалғасы, шаңырақ иесі туды деп ұлан-асыр, ат шаптырып той жасау күні бүгінге дейін сақталған. Қазақта бір кісі қайтыс болса, артында қалған ұлы бар ма еді деген сауалы болады. Бар деген жауап естісе, «орнында бар оңалар» деп бата береді. Отбасындағы ер баланың өз орны бар. Мысалы, тұңғыш ұл – кейінгі іні-қарындастарының қамқоршысы, ата-анасының көмекшісі, оған «Ағасы бардың – жағасы бар» деп арқа сүйеген. Кенже ұл – шаңырақ иесі. Басқа балалар енші алып, бөлек отау құрып жатса да кенже ұл әке-шешенің қолында қалады. «Ұлға отыз үйден тыйым, он сан үйден сын» демекші, ер жігітке айтылар сын көп, қойылар талап жоғары. Халықтың дәстүрлі тәрбиесінде осы баға – «жігіт сыны» деп аталады. Осы орайда ойға оларға берілетін тәрбиенің артықшылығы неде деген сұрақ оралады. Өйткені сәбидің бесік жырына құлағын қандырудан бастап, ауыз әдебиеті мен ата-баба тарихына сусындату тәрбие маңыздылығын сезіндіріп қана қоймайды, нәтиже де берері анық.
Объяснение: