Табиғат – жаратылыстың ғажап туындысы. Табиғатта болып жатқан алуан түрлі оқиғалар желісі, алуан түрге енетін әуе кеңісі, қызыл-жасылды түзілген ағаштар жемісі бәрі-бәрі а ң таңдайын қағып, таңқалдыратыны сөзсіз. Міне, сондықтан да а ң табиғатты жырлауға шеберлігі, табиғатпен сырласатын көрегендігі осының айғағы. Қанша десек те, табиғаттың күйін, әсем формасын, қазынаға толы қоймасын көрсек жанымыз тойғысыз, жырласақ, айтсақ та тіл жеткісіз. Жер жүзіндегі жеті кереметке өз үлесін қосқан табиғаттың шеберлігін ұққан адамзат сәнденушілік (мода), суретшілік, сәулетшілік(архитектура), шеберлік(мастер), күйшілік секілді т.с.с. қастерлі қасиеттерді бойына дарытқандығы даусыз. Мәселен, «алыстан арбалағанша, жақыннан дорбалап» алысқа бармай-ақ өзіміздің әлемге әйгілі суретшіміз Әбілхан Қастеевті алайық . Баршаға аян, суретшілік өнерімен талайды таңғалдырған Әбілханнан «Сен мұндай өнерді қайдан үйрендің?»- деп сұрағанға:
«Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен
үйрендім»,-деген.Яғни, адамзат өмір бойына табиғаттан бәрін үйренер, үйренеді, үйрене бермек те. Міне, сондықтан да табиғатқа адамзаттың қыруар өлшеусіз қарыздылығы оның табиғат тынысын тазартып, аялай білуімен қатар, кәдуілгі көркем бейнесін қалпына келтіріп, әлемнің жеті кереметін жетпіс кереметке жеткізуімен өлшенеді. Десек те, бәрін қоршаған ортадан алып, қамбаға астықтарын салып жатсақ та, кейбіріміз, атмосфераны түрлі түтіндермен ластап, хош иісті гүлдерге ұсқынсыз қоқыстарды тастап, тіпті, атом бомбасын да жер-ананың оюлы кілеміндей көрікті көкке жарып, таңғажайып табиғаттың жерін қарып жататындығымыз даусыз. Мұндай жағдайлардың жер бетінде қайталап орын алмасы үшін қазақтың әдемі «саусақ бірікпей ине ілікпейді» деген мәтелін тұңғиықпен түсінген әлем жұмыла еңбек етуде. Әу бастан дана халқымыз сол себепті «судың да сұрауы бар» деп тегін айтпаған. Бұл мәтелге арқау болар тылсым табиғаттың тосын жасаған адамзатқа арналған антонимдік арпалыстары да жоқ емес. Мәселен, әлемдегі лас қалалардың ірі бірнешеуі орын алған Индонезия жерінің бетін «Аллаһ» деп жазылған 30метрлік цунами аз ғана уақыттың ішінде тып-типыл еткен.
Бұл бір ғана мысал. Әлемде осы секілді қаншама табиғат апаттары, жер сілкіністері, қар көшкіндері, тайфун, жел, сел, дауылдар, құйындар тіркелген. Мұның барлығы тілсіз ашынған табиғаттың қаруын асынған адамзатқа іспен қайтарған жауабы. Ал, қаруын асынбаған адамзатқа, ешқашан ашынбаған табиғат та. Қайта ондай адамзатқа «жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады» дегендей табиғат та өз ұясынан шығып, көркем бейнесіне еніп, жер әлемінің кейбір тұстары асыл а ң адамгершілік принциптеріне қарай жәннаттың бір бақшасындай жайқалып көркеюде. А ң адамгершілікті әрбірі надангершілікті кейбірін жазалай отырып, әлемнің кейбір емес, әрбір тұсын жайқалтуға жұмыла жұмыс жасаса, бәрімізге нұр үстіне нұр болар еді. «Табиғатымыз-байлығымыз» дер болсақ, сол байлықты сақтайық! Лайым солай болғай.
Кез-келген баланың жақсы көрiп, құрметтейтін әжесі болады. Менің де әжем бар. Оның аты жөні Ең қызығы әжемнің екі есімі бар. Шын аты - Таңсық. Әке-шешесінің ерке кызы болған соң Ақкенже деп атаған екен. Әжем өз атына сай адам. Өте ажарлы, мiнезге бай, ақжарқын.
Ол менi кiшкентайымнан өсiрiп багып келеді. Жасы 75-тен асса да анам мен әкем жұмыста болған соң, мені сабаққа дайындап, шығарып салады. Ол қарындасым Жанарға да қарайлайды. Бізді қатты жақсы көреді. Күн сайын тәттілер алып берiп еркелетеді.
Ол мен үшін өмірдегі ең қымбат жан. Оның дайындаған сүтке қосылған күрiшi тiл үйiредi. Тәп-тәтті. Қайта-қайта жей бергің келедi. Әжеме сол ушінде ризамын.