Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмыста етістіктің шақтарын, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз. 1. Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы.
Бір күні кішкентай бауырыңыз сізден көмек сұрады. Оған пән мұғалімі «Олимпиада чемпионы» деген тақырыпқа ақпарат жазып келуді тапсырған. Сіз бауырыңызға көмек көрсету үшін қандай олимпиада чемпионы туралы ақпарат айтасыз? Ақпаратты жазыңыз.
2. Жер байлығына аяулы көзқарас.
Еліміз қазба байлықтарға бай. Қазақстанның әр жерінен түрлі қазбалар кездеседі. Бірақ қазіргі кезде Жер-Ана адамдарға өте ашулы. Жер-Ана не себептен ашуланды деп ойлайсыз? Жер-Ананың монологін жазыңыз.
Көктем және наурыз туралы жұмбақтар:
1) Гүл - гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен?
(Шешуі:көктем)
2) Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.
(Шешуі:көктем).
3) Атасы мен анасы,
Үш жүз алпыс бес баласы,
Он екі ауыл шамасы,
Отыз ор дуадақ,
Бес сан балақ,
Елу екі қарақшы.
(Шешуі:күндіз бен түн, жыл тәуліктері, жылдың айлары, айдың күндері, жыл соңында артық қалып "бес қонақ" деп аталатын бес тәулік, жыл ішіндегі апталар).
4) Жапанда бір айдаһар білесің бе?Жаны жоқ қимылдарға денесінде.
Ішінде сүйектері бақша-бақша,
Жарқырар жалғыз көзі төбесінде.
(Шешуі: киіз үй)
5) Мың қойым суға жүзеді,
Қойшысы бірге жүзеді.
(Шешуі:көже мен шөміш).