Көкөністер туралы диалог құрастыру.
Айжан: Жаным, неге тамақты шұқып жеп отырсың?
Саяжан: Әпке, сәбіз бен пиязды (жуаны) жегім келмейді. СОларды алып тастап отырмын.
Айжан: Неге?
Саяжан: Дәмі ұнамайды. Жемеймін.
Айжан: Жаным – ау, нағыз дәрумендер осы көкөністердің құрамында екенін білмейсің бе?
Саяжан: Қандай дәрумендер?
Айжан: Мысалға, Сәбіз - адам өмірі үшін аса бағалы дәрумендер мен минералды заттарға бай өсімдік. А дәрумені, калий тұзы мен каротинге бай өсімдік ағзадағы тұзды судың айналасын реттеп, судың денеден бөлінуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, С, В, D, Е дәрумендеріне және микроэлементтерге өте бай. Сәбіздің құрамында: калий, кальций, марганец, темір, фосфор, магний бар. Әсіресе, сәбіз шырынының құрамында дәрумендер жақсы сақталады. Сәбізді емдік мақсатта шикілей немесе шырынын пайдаланады. Сәбіз ағзаға барлық жағынан пайдалы.
Саяжан: Мен бұл жайлы бұрын естімеппін.
Айжан: Енді біліп жүретін боласың. Үнемі жеміс – жидек пен көкөністерді тағамға пайдалану адам өмірін ұзартып, ағзаға оң әсер етеді. Әр жеміс – жидек пен көкөністің құрамында өзіндік ерекше табиғи дәрумендері болады. Пісу маусымына байланысты жылдың әр мезгілінде жеміс – жидек пен көкөністі үзбей қолданған абзал, әсіресе, маусым арасында мұндай табиғи дәрумендердің маңызы арта түседі.
Саяжан: Жақсы, әпке. Енді жеп көрейін. Дәрумен ағзаға пайдалы ғой. Кеңесіңіге көп рахмет.
Айжан: Оқасы жоқ, жаным. Міндетті түрде көкөністерді жейтін бол.
Мамандық туралы диалог
- Әне – міне дегенше, оқу жылы да аяқталып, ұлттық бірыңғай тестілеуге де санаулы күн қалыпты...
- Соны айтсай, өз басымда аздап қорқыныш пен қобалжу бар. Сенің дайындығың қалай?
- Жалпы, жаман емес десем де болады. Негізгі пәндер бойынша өз бетіммен дайындалып, ал бейіндік пән бойынша мұғаліммен қосымша дайындалдым. Өз біліміме сенімдімін.
- Ал сен қандай мамандық таңдап едің?
- Мен болашық дәрігер болуды армандаймын. Адамдардың өміріне араша түсіп, бар білімімді медицина саласына арнағым келеді.
- Бәрекелді, ал сен неліктен бұл мамандықты таңдадың?
- Әр азаматтың өзінің жүрегі қалаған мамандығы бар ғой. Қайбір мамандық болмасын өз маңыздылығы, пайдасы мен ерекшеліктері болады. Ал менің бала күннен арманым – дәрігер болу, себебі дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
- Дұрыс айтасың. «Ақ халатты абзал жандар!» -деп халқымыз жәй айтпаған. Адам өміріне деген жауапкершілік, адалдық және үлкен жүрек керектігі сөзсіз.
- Адамдарға менің көмегім тисе, мен өзімді бақытты жанмын деп бағалар едім.
- Жақсы, досым. Ендеше саған тек сәттілік тілеймін, ұлттық тестілеуден сүрінбей өтіп, арманыңа қол жеткіз!
- Көп рахмет!
-Салем Арайлым
-былесынбе бугын бызге уй тапсырмасына аке орны болек деген такырып берды сол таөырыпқа қалай жазсам болады?
-Әр отбасында әкенің орны ерекше. Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі өзіме үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанам. Отбасының береке, ынтымағы үшін әкемнің әділ, ұстамды болуы мен үшін орасан маңызға ие. Отбасымыздың ұйытқысы, берекесі, мейір - шапағат көзі
-О, рахмет Арайлым. Сен болмасаң не істер едім. Көп көп рахмет! Мен кеттім ендеше мұғаліміме мына керемет эссені көрсетіп 5 алайын! Сау бол!
-Сау бол Сымбат