Отан - елдің анасы
Ер - елдің анасы
Отан қадіріне жетпеген,
өз қадіріне жетпейді.
Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.
Отан – оттан да ыстық
Отан қуат - отбасы шуақ
Отан отбасынан басталады.
Отанды сүю – отбасынан басталады.
Орағың өткір болса,қарың талмайды,
Отаның берік болса жауың алмайды.
Отансыз адам - ормансыз бұлбұл
Алтын ұяң – отан қымбат.
Ер - елінде,
Гүл жерінде.
Ел іші – алтын бесік
Ауылым - алтын бесігім
Өз елің – алтын бесігің,
Еңбекпен бағыт егіз.
Өзге елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Ел мен жер егіз.
Туған жердей ел болмас,
Туған елдей ел болмас.
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.
Жат жердің қаршығасынан ,
Өз еліңнің қарғасы артық.
Егілмеген жер жетім,
Елінен айрылған ер жетім.
Ұлтарақтай болсада,
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болсада,
Туып өскен ел қымбат.
Ел – елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Адал адам отанын сүйеді.
Ит тойған жеріне,
Ер туған жеріне.
Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.
Туған жердің жуасы да тәтті.
1. Дұрыс жазылған сөзді белгілеңіз.
D) Күлай.
2. Туынды сын есімді табыңыз.
E) Аспалы.
3. “Он төрт” – сан есiмнiң қай мағыналық түрi екенін белгілеңіз.
B) Есептiк.
4. Өздік есімдігі қатысқан сөз тіркесін көрсетіңіз.
C) Өзіміздің балалар.
5. Жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз.
Жүйрік ат – ердің қанаты.
A) Жалаң.
6. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Білімді өлмес – қағазда аты қалар,
Ұста өлмес – істеген заты қалар.
B) Өнер-білім.
7. Антоним сөздерді көрсетіңіз.
C) Аштық — тоқтық.
8. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді табыңыз.
D) Демеуші, егінші.
9. Күрделі сөзді көрсетіңіз.
C) Таза киім.
10. Негізі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді табыңыз.
C) Тыртың.
11. Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз.
A) Сызықша.
12. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз.
Мектепте алты жүз бала оқиды.
D) Сан есім.
13. Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
A) Күн түс ауа жылынып, сызды дала бусанып, ауыл сыртында әдемі бір көрініс туып еді.
14. Шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз.
A) Сөзге тапқырлық.
15. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.
A) Найза.
16. Ілгерінді ықпалды табыңыз.
D) Қамысбай.
17. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды көрсетіңіз.
E) Қиындықтан қашса.
18. Қосымшалы қос сөзді көрсетіңіз.
A) Балалы-шағалы.
19. Көмектес септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгілеңіз.
E) Кезекпен.
20. Күшейткіш демеулікті табыңыз.
C) -ау
21. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз.
E) – Бұл үйдің жаны нешеу?- деді Итбай.
22. Кімің келіп кетті?
Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын табыңыз.
D) Сұрау есімдігі.
23. Сен келіп қойғанбысың?
Сұраулық шылаудың түрлену түрін анықтаңыз.
B) Жіктелді.
24. Сызықша қай жерде қойылатынын анықтаңыз.
D) Бастауыш пен баяндауыштың арасында.
25. Орфографиялық заңдылыққа қайшы сөзді көрсетіңіз.
E) Қиян-гескі.
26. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсетіңіз.
E) Ұндар.
27. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді табыңыз.
B) Әкел.
28. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
A) Тас жүрек.
29. Жай сөйлемдер арасына тыныс белгісін қойыңыз.
Күн бесіндіге келген кезде Көркемтайдың аулы астаң-кестең болды кемсеңдеп кемпір-шал жылады, қанын тартып сұрланып жастар тұрды.
B) Қос нүкте.
30. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
C) Бұл даусыз, бірақ осы қағиданың өңін айналдырмау керек.
Осы бір табиғат ана көгілдір көктемнің жып-жылы шапағатымен жайнап тұрған сәтте сіз де зор қуаныштарға бөленгейсіз!
Жаныңыз күн нұрындай жарқырап, ал көңіліңіз мейірімділік пен махаббат сезімдеріне тола берсін!