Айша Ғалымбаева 1949 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының көркемсурет-безендіру бөлімін аяқтағаннан соң, Алматы көркемсуретті және хроникалық фильмдер киностудиясында еңбек еткен. Оның кино өнеріндегі ең алғашқы, әрі дипломдық жұмысы «Абай әндері» киносценарийіне декорациялар, костюмдер мен кадрлар көрінісінің эскиздері. Сондай-ақ «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Махаббат туралы дастан» (1954), «Шабандоз қыз», «Бұл Шұғылада болған еді» (1955), «Дала қызы» (1966) кинофильмдеріне костюмдер эскизін жасаған. Сонымен қатар Шоқан Уәлихановқа арналған «Оның уақыты келеді» кинофильмінің түсірілу кезінде қазақ тұрмысы және костюм бойынша кеңесші болып қызмет атқарады. 1958 жылы суретшінің талай жыл тер төккен «Қазақтың ұлттық киімдері» суретті альбомы басылып шығады.
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/163245-kasibi-suret-onerininh-klassigi-%E2%80%93-aysha-ghalymbaeva
© egemen.kz
XXI ғ. қажетті мамандық — эколог мамандығы. «Экология» термині ерте 1866 жылы пайда болды. Және әрі қарай да сыртқы ортаны сақтау мәселелері көп орын алатын болады. Атмосфераға зиянды тастамалардың өсуі экология мәселелерін болашақ ғаламдық әлемде бірінші орынға қояды. Бір жағынан кәсіби экологтарға сұраныс өседі, ал басқа жағынан – табиғатты қорғаушыларға талаптар спектрі кеңейеді. Эколог мамандығы физика, химия мен биологияны, табиғатта болып жатқан үрдістерді компьютерлік модельдеуді білуді талап ететін болады. Мысалға айтатын болсақ, еліміздегі Арал теңізінің су қоры неліктен жылдан жылға кеміп отыратынын эколог мамандар зерттейді. (ақпарат интернеттен алынды)