Сәлеметсіз бе, Құрметті Ұлы Отан соғысы ардагері! Сіздің Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдындағы жасаған ерлігіңіз бен батырлығыңызды ескеріп алғыс айту үшін хат жолдап отырмын.
Уақыт зымырап өтіп жатыр. Уақыт өткен сайын заман өзгеруде, бірақ өткен өмір тарихы мәңгі есте сақталуда. Неше алуан соғыс дүниені дүр сілкіндірді, бірақ екінші дүниежүзілік соғыс, қаншама адамзатын қисапсыз қасіретке ұшыратқан өлімімен мәңгілік есте қалды. Біздің еліміз а басынан өткізбеген зұлматты өткерді. Соғыс арифметикасы - қаралы арифметика. Әрбір секунд сайын бір адам, әрбір минут сайын он адам оққа ұшып жатты. Ал соғыс 1418 күнге созылды. Жеңіс елімізге оңай келген жоқ. Ұлы Жеңіс бабаларымыздың биік патриотизм сезімдері мен рухтарының мықтылығымен келді.
Біздің еліміздің халықтары жасампаз жігерімен, қайтпас қаһармандығымен, берік бірлігімен, жалынды отаншылдығымен ерекшеленіп көрінген Сіздің келешек ұрпақ үшін жасаған ерлігіңіздің ұлылығын әрқашан қастерлеп жадында сақтайды. Сіздер небір ауыр сындарды - қанқұйлы дұшпанмен жан аямас шайқасты, жауынгер достардан айрылудың азасын, соғыстан кейінгі жанқиярлық еңбектерді қайыспай бастан кештіңіздер. Сонда да сыр бермедіңіздер, Сіз және Сіздің достарыңыз бар ауыртпалықты мойымай арқалап шықты, сондықтан біз өз өмірімізбен сіздерге қарыздармыз, сондықтан да Сіздер қазіргі ұрпақ үшін де, келер ұрпақ үшін де мәңгі өлмес Жеңімпаздар болып қала бересіздер.
Сіздердің алдағы уақытта да ортақ саптан қалмай, ел-жұртпен бірлесіп, халқымыздың достығын, еліміздің бейбітшілігін, Қазақстан жұртының рухани бірлігін нығайту, жастарға тәрбие беру үшін қоғамда көп іс тындыра алатындарынызға Елбасы кәміл сенім білдіріп отыр. Мемлекет те өз тарапынан Сізді, яғни өз ардагерлерін қолдау үшін қолынан келгенінің бәрін жасап жатқанына сенемін. Сізге мықты денсаулық, отбасынызға береке, басыңызға бақыт тілеймін. Осындай татулығы жарасқан қазақ елінде мәнді де ұзақ ғұмыр кешуіңізге тілектеспін!
Біз, қазіргі заман ұрпақтары, дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысын мәңгілік есте сақтауға және де ел бейбітшілігі үшін жанын берген ата-бабаларымыздың
Наурыз сәні
- Алма, Наурыз мерекесіне дайындығың қалай?
- Мен салт-дәстүрлерді білемін, ұлттық киімім де бар, енді әшекей бұйымдар аоуым керек.
- Әйелдер тағатын әшекей тағатын бұйымдарға не жатады,айта қойшы.
- Сырға,жүзік, алқа, тұмарша,моншақ,шашбау жатады.
-Жақсы.Білгенің дұрыс.
-Ал зергерлік бұйымдарды неден жасайтынын білесің бе?
-Әрине, алтыннан,күмістен жасайды, оны әшекей заттармен әдемілейді.
-Зергерлік бұйымдарды қалай жасайды?
- Оны арнайы шеберханада зергерлер жасайды. Металдарды балқытады, арнайы құралмен иіп қалыпқа келтіреді.
-Дұрыс-ақ. Сенің әжең, анаң,жақындарың қандай әшекей тағады?
- Әжем білезік тағады,құсмұрын үлкен жүзігі бар.Анам да қазақы өрнекті сырға , алқа тағады. Әпкем маржан моншақтар мен, үкілі бөркін киеді.
- Әшекей бұйымды нне үшін тағады,тек сән үшін бе,қалай ойлайсың?
- Ерте кезде ата-бабаларымыз әшекей бұйымдарды жамандықтан қорғайды деп сеніп тағатын болған.Әсіресе, күмісті тазалыққа, адалдыққа шақырады деп жақсы көрген.
-Жарайсың, Алма, міне мен саған мерекеге моншақ сыйлайын.
-Рахмет, апай.Өте әдемі екен.
Мен сабақтан кейін досыма барамын.
Мен қазір қонаққа барамын.