Менің сүйікті тағамым
«Ас адамның арқауы» демекші, дәмді тағам ішкенді бәрі де ұнатады. Бірақ әркімнің сүйсініп жейтін тағамдары болады. Мысалға, мен ет тағамдарын жақсы көремін, әсіресе, ұлттық тағамымыз етті сүйсініп жеймін. Анам мерекелік күндер мен туған күндерге үнемі ет асып, үлкен дастарқан жаяды, бұл біздің отбасылық дәстүріміз десем де болады. Әдетте, қамырды анам қолдан жайып, сорпаға етпен бірге картоп пен сәбіз салып пісіреді. Ал тұздығына пияз бен сәбіз қосып дайындаған ұнайды.
Дегенмен ет асып, табақ тартқанның да ежелден келе жатқан өзіндік мән – мағынасы бар, соған тоқтала кетсем.
Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы. Сыйлы қонақтарға қойдың басын немесе ірі қараның шекесін, табақ - табақ ет тартады. Әр адамның жасы мен дәрежесіне сай түрлі мүшелер тартылады. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Осы табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.
Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.
Ал соғым сойылып жатқан кезде дайындалатын қуырдақтың дәмін айтсаңызшы, тіл үйіреді...
Жастарға кәсіптік тәрбие берудің де маңызы ерекше. Ата-ана мен мектеп баланың бейіміне, қабілетіне қарай бағыт-бағдар беріп отыру керек. Оның өзінің сүйген мамандығын меңгеруіне көмектесу және мамандығы қандай болса да ата-ана оған кедергі жасамауға тиіс. Сонда ғана жас азамат өмірден өзінің лайықты орнын табады. Ал өмірден өзінің лайықты орнын тапқан жастардың қоғамға тигізер пайдасы да өз дәрежесінде болары сөзсіз. Өзінің ұнатқан ісін қолға алған азамат сол істің шебері болып шығады. Жастар тәрбиесіне айрықша мән беріп, оларды заманына лайық азамат етіп шығару аға ұрпақтың абыройлы борышы. «Болашақ» бағдарламасымен жастарымыз шет мемлекеттерде білім алып жатыр. Олар бітіріп келгеннен кейін мамандықтары бойынша жұмысқа орналастыруға кепілдік берілген. Мұның өзі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастарға елдің болашағына жасап отырған қамқорлығы.
Ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар, елін-жерін сүйетін ұрпақ өсіргіміз келсе, бүкіл қоғамдық дамудың негізін келешек ұрпақ тәрбиесіне бағыттауымыз қажет.