Тіл туралы мақал – мәтелдер.
1. Ана тілің алпыс тілге татиды.
2. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
3. Тіл мәртебесі - ел мәртебесі.
4. Тіл - достықтың алтын көпірі.
5. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйнатын тәңірі.
6. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті.
7. Тілі өлген ел - тірі өлген ел.
8. Тіл - өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тілден тілдің кеңдігі болмағанымен, кемдігі жоқ.
9. Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін.
10. Тіл сүйексіз болса да, сүйектен өтеді.
11. Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, тіл айырар анасының баласын.
12. Тіл ақылдың - өлшемі.
13. Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түрімде.
14. Жақсы тауып айтар, жаман қауып айтар.
15. Ашынған тілді болар, ашыққан ұры болар.
16. Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.
17. Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
18. Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.
19. Сөз қадірін білмеген - өз қадірін білмейді.
20. Ми ойлағанды тіл тындырады.
21. Құлаққа кірген суық сөз, көңіліңе барып мұз болар.
22. Анам берген туған тілім,
Атам берген құрал тілім.
23. Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
24. Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.
25. Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
Өмірде өз отанынан жақын нәрсе жоқ. Әр адамның өз отаны болады. біреулерінде-үлкен қалалар. Кейбіреулерінде - Кішкентай ауыл, бірақ барлығы отанын бірдей жақсы көреді. Мен үшін кіші отаным ол Өскемен қаласы.
Мен КШТ жақта тұрамын бұл экологиялық тұрғыдан алғанда ең таза жерлер болып есептеледі. Ол жер өте әсем және әдемі. Болашақта осы КШТ Өскеменнің орталығы болады.
өскемен қаласындағы менің ең жақсы көретін жерлерімнің білі сол жақта орналасқан парк. Ол демалу үшін өте жақсы жер, зоопарк бар.
Мен Өскемен қаласы таза және әдемі болуды қалаймын. Әсем келбет барлық адамдарда болсын.) Все)